Президент күні

Құттықтаймыз! /
1 Желтоқсан күні Т ұңғыш Президент күні аталып өтеді. Өткен жылдың соңында, "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға енгізіліп, 1 желтоқсан Тұғыш Президент күні аталып, бекітілген болатын.
Осындай мерекені ресми түрде тойлау АҚШ мемлекетінде де бар.
АҚШтың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның туылған күні 22 ақпан, халық жыл сайын атап өтетін болған. 1971ж АҚШ президенті Ричард Никсон Конгреске бұл күнді елдің бұрын соңғы президенттерінің құрметіне ресми түрде атап өтуді ұсынған. Содан бері АҚШта Президенттер күні әр жылы ақпан айының үшінші дүйсенбісінде аталып өтеді.
Жапонияда 23 желтоқсан Император күні деп тойланады. Жұртшылық елдің қазіргі императоры Акихитоны туған күнімен құттықтайды. 1948ж ұлттық мереке болып бекітілді. Токиодағы Император сарайының алдында жиналып, император мен оның отбасы мүшелерінің сарай дәлізінен бой көрсетуін күтеді. Олар ресми жарияланған тәртіп бойынша жұртқа үш мәрте көрініп, қайтады. Халықпен амандасып, өзінің тілегін жеткізеді. Жиналғандар сарай ауласындағы үстел үстіне аранйы қойылған қағазды алып, императорға тілектерін қалдырады.
Ұлыбританияда Маусым айында Елизавета Патшайымның туылған күні ресми түрде аталып өтеді. Оның құрметіне Букингем сарайы алдында салтанатты шеру ұйымдастырылады.
Бұл күні біздің елімізге де жат мерекені енгізіп кіруініңде өзі қызық. Мемлекет басшысының құрметіне бекітілген осындай мерекелі күндер басқа да елдерде де бар.

2 пікір

yesbolat83
1-ші желтоқсан тұңғыш президент күні боп аталып өтетіні көңілімді еш қуантатын жағдай емес. Әрине ол өз пікірім. Оданда Жаңаөзендегі жазықсыз құрбан болған боздақтарды еске алу күні боп қабылданғанда болар еді. Оларды еске алмақ түгілі қаралы күн де жарияланбаған болатын. Жеке мен үшін бұл мереке емес. Бәлкім қуанып жатқандар да бар болар. Кешіріп қойыңыздар.
Jako
Қуныштан жүрегім жарылайын деп отыр))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.