Бүгін сенің туылған күнің!

Ассалаумағалейкум, құрметті Айтаберліктер!





Айтаберде бүгін тағы да қуаныш, тағы да туылған күн! Сайтымыздың беделді қолданушыларының бірі, сайтымыздың сүйкімді админдерінің бірі — Берікбол Жарылқасынның туылған күні. 1 жасқа қартайып, 23 жастың төріне шығып, жігіттік дәуреннің нағыз жалындаған шағында тұрған Берікболға зор денсаулық, үлкен бақыт, басына амандық, жұмысына толағай табыс тілей отырып, бүгінгі туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!



Берікболдың туылған күні, ой, пәле-ай
Айтаберліктер неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Екі қала араны бөліп тұрғаны-ай.

Айтаберліктер неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей

Өзі туралы:
Компьютерге, интернет әлеміне жақынмын. Технологияға енді аз-мәз. Негізінде мені қызықтыратын тақырып көп. Жалпы айтсам, жай ғана қазақтың жігітімін!


Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!



Аққудың — ақтығын


Өмірдің — пәктігін
Арманның — ажарын
Бақыттың — базарын
Денсаулықтың — зорын
Махаббаттың — молын тілеймін


Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!

ҚҰТТЫ БОЛСЫН ТУЫЛҒАН КҮНІҢІЗ! 23 ЖАС, ТЕК АЛҒА БАС!

Жігіттер тобының орындауындағы, «Бүгін сенің туған күнің» атты әнді қабыл алыңыз.



П\С: Қанеки, Айтаберліктер, ары қарай тойлаңыздар! Постпен жалғасады деген үміттемін. Айтпақшы, постты жазуға түрткі болған, суреттермен қамтамасыз еткен Қырмызы апама көп-көп рахмет! Тағы да, құтты болсын!

17 пікір

avatar
  • Kan
  • 0
Құттықтаймыз!!!
  • rauan
  • 0
Құтты болсыыыыыыыыыын… Бро бақытты бол, аңсаған армандарыңа жете бер!!! __ )))
Бұл өмыддын тек жаксылыктарын ғана алып, жамандықтардан аулақ болныз, Ардайым бақыт құшағында болыныз! Арманынызга жетыныз! Аллахтың сүйген құлы болныз!
avatar
  • pari
  • 0
Неге үнсіз Айтаберліктер? Қане, тойлаңдар!
  • didi0393
  • 0
БЕКО туган кунинмен! Желаю в День Рождения оптимизма побольше,
Чтобы в этот день кошелек стал толще,
Для девушкам всегда кумиром был,
АЙТАБЕРдеги достарынды никогда не позабыл.
  • Ais_97
  • 0
Берікбол аға туған күніңіз құтты болсын, зор денсаулық тілеймін!
avatar
  • Jako
  • 0
Берікбол,құттықтаймын!Өміріңнің даңғыл, алдағы күндеріңнің жарқын болуына тілектеспін.
  • mairosh
  • 0
Құтты болсын))) Бұл айда туған күн көп екен ғой)) Бақытты бол!
avatar
  • beko
  • 0
Рахмет рахмет, барлықтарыңызға.
avatar
  • m170785
  • 0
Ал Беке, құтты болсын, ойыңыздағы тілектеріңіз бен арман мақсаттарыңыз орындалсын, бақытты ғұмыр кешіңіз, шыңырау биіктерге жетіңіз, Қысқасы жалындаған айхой жиырма үш жасыңыз әлей болсын
  • AKA
  • 0
Құттықтаймын! Абыройлы орыннан көрінуіңізге тілекшімін!
  • qyrmyzy
  • 0
Туылған күніңмен, амигоо!(осы жерде қолымды екі айқастыра құшақтадым ;)) Әрқашан алға!
Уайымың жоқ, ақшаң көп болсын! Мықты жігіттердің бірі бол:) Сәттілік!
  • qyrmyzy
  • 0
Айтқандай, мынадай сәттер аз болсын:

Бастысы — өмірдегі ұпайың жоғар болсын!
avatar
  • beko
  • 0
)) Раха, ыржиттың ғо бір, хе хе, рахмет.
  • Korkem
  • 0
пілустап кетуден басқа амал жоқ((
  • AKA
  • 0
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.