Екі ШТУК кездесу-2

Құттықтаймыз! /
Ұят болар! Ұят болады… Кездесу керек! Әйтпесе ҰЯТ болады…

Менталитетімізге мықтап енген сөзді біз қанша кері итерсек те, «ауру қалса да әдет қалмайды». Бұл сөздің өзі және оның мағынасы біздің санамызға мықтап жатталған. Сондықтан осы сөзді қоймай айтамыз. Айтқан сәтте де қорқыныш пен үрей пайда болады. Өзгені білмеймін, өзімде әйтеуір солай.

Бұл сөзді мен бүгін, Айтабердің туған күнінде басқа сөзбен алмастырғым келеді. СЫЙЛАСТЫҚ деген сөзбен мағынасын түбегейлі өзгерткім келеді. Ендеше кеттік, тырысып көрейін.

Ауылға келгелі біраз болса да, Ақтаулық блогерлермен, әсіресе блогосфера, Айтаберсферасында жақын досым болып кеткен Абылаймен кездесудің сәті түсе қоймады. Әне-міне дегенше 20 күн де зу етіп өте шықты. Қой енді ҰЯТ болар деп, агентте өзімнің шаңды бооратқан тууған жерге келгендігімді жеткіздім. «-Қойш, мәәә кездеспейміз ба?» деген соң, «-Әрине кездесеміз. Өзім хабарласамын»- деп алып тағы бір аптадай жүрдім. Содан бүгін сәті түсіп, Аллам төбемнен ұрып есіме түсііп, Абылайға телепоон соқсам «Мәссаған, ар жақтағы ызыңдақ ханымымыз: -Абонент… сөндірулі ,-деп сарнады.» Енді қайттім. Дәл сол сәтте мен үшін басқа күн құрып қалғандай, Абылай амигоны шыр айналып агенттен іздедім. Агентте отырған жерінен біраз сілкіп-сілкіп оятып алып, Кездесейік та деп, келісіп алып 1,5 сағаттан кейін кездесетін болдық. Не керек, өмірден түңілгендей болып отырған адам зуылдап жарты сағатта үйден атып шықтым.Негізі кешірек шығатынмын.

Зуылдап межелі жере жеткенде:

ООО__ООО сол баяғы күлімдеген көзі мен қадамын нық басқан, жадырай жүгірген ескі досты көрдім.
Достық лебіздер мен, ыстық құшақтар айқаса кетті. Хал-жағдай сұрасқаннан кейін жалғыз еемес екендігін айтты. ООООО, қызық па? Столға жақындай бере бір қызды көзім шалды.
О_О

ОООО сүйіктісі болар десем, НЕА, (әйтеуір Сәулесі емес) олай болмай шықты. Колледжіндегі кураторы екен. Апайымен танысып, Абылай БРО-ның мінезі мен алғашқы студенттік шақтағы қыықтары жайлы біраз ақпар алдым. Ол жерде отырып,нанбургер жеп, коньки (тебу қайда) көріп, біраздан соң апайына бөлініп, атақты ЕКі ШТУК бөлек кеттік.

Теңіздің жағасына барып, Айтабердің туған күнін талқылап, түн батқанда аққу іздеп, біраз әлеекке түсіп, ақққу жоқ екен деп отырсақ, қырағы көз досымның көзі аққуды шалып қалды. Бізден алыстау екен. Қараңғыда толқынмен жарыса, ағараңдай жэүзген аққуларды біраз тамашалап, Айтаберге сыйлық жасайық деп, тесік-тесіктен, жер-жерден ракүшке іздеп, сурет салып, оны түсіріп, біраз әлектендік. Амигом бір уақытта:

— Анау жақта тасқа жүректі ойып қашап салған демесі бар ма?!!!
-Ойбааай, кеттік сонда, көрейік,-ке салып тартып кеттік. Жүріп келеміз, жүріп келеміз.

Күннің салқындығы енді біліне бастады. Аяз бетімізді шымшып, желмен жағаласып, Поп корнды қалтаға салып алып, әңгімені жіберіп келе жатқанымызда Жүректі тасқа қалай жеткенімізді білмей қалдық. Қараңғыда әлгі жүректі іздедік. Оны тауып, біраз таңқалып, суретке түсіп, бала боп качеля-мачеляға мініп, өзімді 1 сәтке принцесса сезініп, орыстың атақты каретасына отырып, одан клаустрофобия басталып, әңгіменің жетегімен Астана ойын-сауық орталығына кіріп кетіппіз.

Содан не керек, бір кафеге кіріп, жеміс-жидекті шәймен блиныға тойып ап, тілек түсіріп, Instragam-ның жаңа функцияларымен танысып, ой айттық-ау әңгімені! Сөйтіп отырсақ, сағат он бір бо қапты. Ой кеттік те, кеттікке салып, (менің үйімдегілер ОМОН-мен іздемей тұрғанда) жаяулатып, блинчиике тойған қарынды көтере алмай, баспалдақтармен жағаласа жүріп таксиге отырып, Дауай да, дауай десіп, тағы да кездесейік, келіп тұр, десіп қимай тарастық.

Кештің тым батып кеткені болмаса, әлі де айтылар дүние жетерлік еді. Бір штук жүзін көрген досыммен сырласып, проблемаларды талқылап, арқамнан жүк түсіп жеңілдеп қалдым. Достың болғандығы қандай жақсы. Жастар интернет форумына бара алмай, редакторлар жиынынан құр қалғаныма Амигом: «Еңсеңді түсірме! Әлі-ақ талай кездесуге барасың!» деп жұбатып алды.
Сонымен Абылай Бро жайлы біраз ақпармен бөлісе отырайын. Амиго қарсы бола қоймассың

— Сүйікті жануары- ҚҰМЫРСҚА;

— Тым жеңіл киінеді;

— Оқымаған курсы, мамандығы жоқ;

— Бухгалтер бола жаздаған;

— Есте сақтау қабілеті күшті;

— 5 минутсыз диктор; (Қазақстан-Ақтауға бір бағдарламаға жүргізуші қып жібереміз ғой деймін)

— Жаңа жылы алысу-жұлысумен өткен;

— Кураторы екінші мамасындай болып кеткен, қатты еркелейді.

Қалғанын айтпай-ақ қояйын, екіқабатпын деушілер көбейіп кетер.

Үйге қайтып келе жатқанымда, "Ұят болар" деген сөз бен оның мағынасын Сыйластыққа ауыстырған дұрыс болар деп шештім. Себебі, мына заманда ұялардай ештеңе де жоқ. Қорқыныш та ғайып болады, тек сыйластық қана дос көзіне қарағанда қызармай, достығыңның айнасын көрсете біледі. Сыйластығымызға сыз түспегей!

Р.S. Айтаберліктер! Сендерді бір жасқа толуларыңмен тағы да құттықтаймын! Оқырмандарыңыз, қолданушыларыңыз көбейе берсін!

P.S.S: Сурет жоқ енді ренжімессіздер! Сотка, фотоаппараттан кенде қалған адамбыз

27 пікір

Abylai
Айналайын Ырысгүл деген атыңнан, ғажап жансың ғой. Дәл осылай болды, еш алып қосарым жоқ. Керемет болды.
ZevsKO
Кіідәәәййй! түрінен соооол! жанеем сооол! күшті өткіздім уақытымды! бар болғаныңа рахмет!
MSHERIMBEK
Шедевр, шедееевр! VVVWWW-ның құдіреті-ай, оқып жатқанда кино көз алдымнан өтіп жатты:) Өрт пост екен:) Рахмееееееееет! Сендерді де құттықтаймын)
AKA
Вааай, супер! :) КүЧт жазасыңдар иии, Абоға да, саған да рысбек! :) Біз де кездесейікші, қызылордалық айтаберліктеееер? Қайдасыңдааар?
qyrmyzy
ииии, жәнем! Бостан босқа не беріп жіберді дейсің бе? Кездессін ең болмағанда Майрош екеуі дегенім ғҮә?!
AKA
Кездесеміз бәріміз! :)) Ербол деген жігіт қанша уақыт боладкен? Айтаберде бар ма? Болса оны да ерте жүреміз дегенім да :))
qyrmyzy
Сәрсенбі жұмыста болу керек. Соған қарағанда дүйсенбі шығады -ау бері қарай. Иә, айтабердегі 404 деген қолданушы. Жиналыңдар да ыстық сәлемдеріңді жолдаңдар :)
4o4
Жәке жарамайт бұныңыз ;)
AKA
Жә, жә, жарар :))
qyrmyzy
WOW! Керемет!
MSHERIMBEK
Алматылықтааааааааар! Нетсеңдерш, аз емессіңдер ғой;)
qyrmyzy
қартайдық, балам, қартайдық! Заман жастардікі ©
MSHERIMBEK
Адам өзін өзі қартайтады екен негізі.
qyrmyzy
келісем! Арқамды осып-осып жіберші осылай
MSHERIMBEK
Сен қыз, үйтіп жұмысбастыыыы болып кетуді доғар! Жұмыстан уақытым жоқ дейд ғо, ужыс! Көөөөп сөзді доғар. Бүгін кездесудің постын күтем. Әәәәәәәй, шын айтып отырмын мен. Ыужыс:(((
qyrmyzy
қайдағы жұмысбасты??? Емделіп жүрмін.
Қуаныш ағашкінің форумдағы презентациясын жынды тыңдағам ғой :)
Сосын Мынау тумау жабысты
4o4
Тымау ештеңе емес қой)
Korkem
оййй, қош көрдік!
rauan
/:-] тұмау жамаааааааан ғой... ="-(
Соңғы өңделген уақыты:
didi0393
Naw Abo zvezdanulsya)))
Delfina
Күшті кездесу.
Негізі осы Абылай барғо қыздармен жеке жеке кездесеме солай сияқты)))
ZevsKO
Жеке-жеке кездескенде жақынырақ танысады ғой… Содан болар… Delfina сен Ақтаудасың ғұә? Егер бос болсаң алдағы аптада кездесуге болады…
Abylai
Delfina Ақтөбелік қо
ZevsKO
оооббблооооммм! Балтаны маңдайыма тарс еткізіп өзім жабыстырып алдым ба қалай өзі?!"!!!
Abylai
жоқ, бәрі нормально :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.