Айтабермен өткізген бір жылым.

Құттықтаймыз! /
Әне-міне дегенше бір жылдың да зу ете қалғанын енді байқағандаймын. Жас бала болсам бір сәрі, ер жасы елуді еңсерсем де осы бір ортаға бауыр басып кеткенімді мойындаймын. Мен үшін «Айтабер» жанүям да, Айтаберліктер сол жанұямның мүшелері сияқты. Қым-қуат шаруалар бастан асып жатса да арасында уақыт тауып сайтты күніне бірнеше ашып қараймын. Қасымдағылар бұрын карта ойнау мен нарда ойнағаннан аспаушы едіңіз,қазір сайттан шықпайтын болдыңыз ғой деп мазақтап қояды. Мен үшін әр қолданушының өз орны бар.Біреулерінің пікірлерімен келіспей қалармын, енді біреулерімен пікірлес болармын онда тұрған түкте жоқ. Бәрібір маған барлықтарың да ыстықсыңдар, жақынсыңдар, әрқайсыларыңның өз орындарың бар. Егер осыдан бір-екі жыл бұрын біреулер виртуалда адамдар осылай бір-бірлерімен араласып кетеді десе мен сенбеген болар ма едім. Инет бетін алғаш ашқанда Дельфинамен таныстым, қазір бір класта оқыған сияқтымыз-ау деймін. СЖ-да Ерболмен танысып, бір-екі рет телефонмен де пікірлесіп жүрдік.Ясин.Аль-Астер,WWWVVV, Алишер, Димаш, Абылай, Мади, Пари сияқты жігіттерді СЖ-дан танынығаныммен, осы Айтаберде пікірлесіп, араласып, силаса түскендеймін. Дәл осы Айтаберде Қарасақал, Беко, Мұзафар, Жанат, Кан мырза, Мақсат, Қайырбек сияқты інілеріммен, Көркем,Қырмызы, Майрош, АКА, Бану сияқты қарындастарыммен,қыздарыммен танысып білістім.(аты аталмай қалғандардан кешірім сұраймын) Олардың жазғандарын оқып танысып, сол арқылы өмірге деген көзқарастарын, тәлім-тәртібін түсінгендей болым. Сендердің болмыстарың, пікірлерің арқылы еліміздің болашағын еркін басқара алатын білімді, тәрбиелі жастардың өсіп келе жатқанын байқадым. Мен үшін бәрің де алтынсыңдар, бір күн кірмесем не болып қалды екен деп тұрамын. Егер қаттырақ кеткен жерлерім болса кешіріп қойярсыңдар, бұл жері енді әсіресе Қайырбекке (Көршінің қызы) бағышталады.
Сайтта әркім өз пікірін айтып, пікірталас тудырмаса онда бір жақты болып, ешқандай шындық ашылмас еді. Осы жағынан Қайырбекке рахмет айтса болады. Мен бұл жерде: «Айтабер маған бір жылда не берді?»-деген сұраққа жауап іздегенім ғой.

Соңында айтарым құрметті Айтаберліктер сайттарыңыздың бір жылдығы құтты болсын! Сайт сіздермен, сіздер сайтпен бірге жылдан жылға жақсылықтан жақсылыққа жете беріңіздер!

15 пікір

Delfina
Қандай керемет сөздер, қандай керемет тілектер десеңші… көп рахмет Жако аға.
Сізге де құтты болсын!
Біз Сізбенен, Сіз Бізбенен бірге жүріп, бірге тойлап жүре берейік.
Jako
рахмет Дельфуша!
MSHERIMBEK
ооооо, Жако ағааа! Сіздің бізбен болғаныңыз қандай қуаныш екенін білсеңіз ғой. Күнде сағат таңертең 7-8 дер шамасында үнемі кіріп қарап кетесіз:) Рахмет аға! Асқар тауымызсыз!
Jako
Иә Садық, адам қартайғанда бір бала деуші еді,қартаярда да бала болады ма деймін...))))
qyrmyzy
Жако аға, керемет жазба! Бұйыртса, блогқұрылтайға келіңізшіііі… Жазарыңыз көбейсін! Рахмет үлкен :)
Korkem
Шынымен Блогқұрылтайға келсе жақсы болатын еді
Yasin
Жаке, сізге рыспек, зымырап жатқан өмір десеңші кеше ғана танысып едік бүгін қарасам бір жыл зуылдап өте шығыпты
qyrmyzy
сіздің де жүрек лүпіліңізді оқығым келеді :)
Korkem
Жақсы жыздыңыз, аға. «Айтабер маған не берде?» атты тақырыпта эстафета ұсынса қайтер еді? Әркімнің басында да қызықты жағдайлар өткен болар))) Таяғыңызды біреуге ұсына қойыңыз))
Jako
Лақтырдым таяқты Нұрекеңе, Ясин мырза тосып алыңыз.
ZevsKO
Арамызда ақыл айтар, келелі кеңес құрар ағаларымыздың болғанына қуаныштымын! Сізге де рахмееет. Ортамызда орта толтырып жүре беріңіз
Jako
Рахмет ZevsKO!
followme_alik
Ағам ((^_^))
Бірге болсын...Қажыр-қайратыңыз арта бергей_ Алланың құлағына шалынғай тілек(тер)_!!!
Қашықтағы ізбасарыңыз болуға рұқсат етсеңіз {{:
_____________________________________________________________________________________________
AKA
Ырзамын, көке, сізге рахмет бізбен бірге жүргеніңізге. Аман болыңыз, біздің де сізге қатты айтып қойған кездерімізді кешіріп қойыңыз. Аман болыңыз, Айтабермен бірге әлі талай белестерді бағындырамыз, иншАллаһ! :)
Jako
Ой, менде өкпе жоқ, бәрі бауыр ғой)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.