Көктем мерекесі құтты болсын!

Құттықтаймыз! /
Барша Қазақстандық, оның ішінде Айтаберлік қыз-келіншектерді көктем мерекесі 8-ші Март мейрамымен құттықтаймын.Баршаңызға мықты денсаулық, от басыларыңызға таусылмас жылылық, дастархандарыңызға береке,өмірлеріңізге мереке тілеймін.Мейрамдарыңыз құтты болсын!!!

11 пікір

Korkem
амин, ағасы! )))
beko
қазақша "Әумин" десейші))
beko
Құтты, құтты тағы да құтты болсеееен))
Сіздер — біздерді шабыттандыратын бұлақ көзімізсіздер ғоооо, ал біз:

… шаруаның ауырына, күннің суық, ыстығына қарамайтын…
… ақша көбірек табу үшін, кейде күні бойы жұмыс істеуге тура келетін…
… күннің көп бөлігін компьютерде(біреуіміз көлікте тағы солай) тесіліп отыруымыз...


бұның бәрі аюға шыққан аңшының айтқанындай, қаншалықты биігіне қарамастан тау шыңына шығып, алып жануармен күшің тең келмесе де жығыса кету, бұлар тек үйге аю терісін әкелу үшін ғана, сондағысы күлкі шуағын көру үшін. Яғни жанұя жағдайы керемет болуы үшін, және де астын сызып айтарлықтай сіздердің жүздеріңіздегі күлкі шуағы, қылықтарыңызға куә болу.

Мейрамдарыңыз құтты болсын!

(Үйленбеген өзімді, жанұя тірегі, отағасы орнына қойып жазғым келді)
Соңғы өңделген уақыты:
didi0393
сындым созине!)))
dimash
Үлкен рахмет Жако ағай:) Барша қыз келіншектер мерекелеріңізбенен.
Құрметті кыз-келіншектер! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздін сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
yesbolat83
Құрметті Айтаберлік қыз-келіншектер! Сіздерді шын ниетпен 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Жанұяңызға бақ-береке, шаттық, қуаныш, табыс, мереке, дәулет,…, тілеймін!
Delfina
Көп рахмет, Ағасы.
Қыздар құтты болсын мерекелерін, күндерінді керемет өткізіңдер. Сыйлықтың астында қалыңдар))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.