Жыл құтты болсын!

Құттықтаймыз! /
Батыстағылар, әсіресе Маңғыстаулықтар Наурыз мейрамын ерте тойлайды. 14 наурызда, ия, дәл бүгін әулеттің барлық балаөшағалары жиналып, қара шаңыраққа (үлкен үйге) «КӨРІСЕ» келеді. Босағадан аттаған бойда «ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН» десіп, қолдарын беріп, төс айқастырады.

Барлық ағайын-тума жиналған сәтте үлкен үйде Наурыз көже қайнатылып, абыр да сабыр болып дәм татады. Кейін көрісе келгендер, бір-бірінің үйін аралай бастайды. Ағайынның жиналатын үйі біздің отау. Әлі күнге дейін біздің үйге жиналып, азан қазан болып жатамыз.



Бала кезімде әке-шешем Амал келген күні ерте оятып алатын. Таңғы бесте ұйқымды қимай, оянғым келмей жатқан сәтімде ата-анам «Наурыз келген күні ерте тұру керек. Аяз ата далаға шашу шашып кетіпті. Аспаннан бауырсақтар мен кәмпиттер, сағыздар түсіп жатыр. Кім ерте тұрса, соған бұйырады. Ояныңдар, ырыс-несібелерің көп болады» дейтін. Шашу деген сөзді естіген сәтте, төсегіңнен қалай атып тұрғаныңды, далаға қалай жүгіріп шыққаныңды білмей қаласың. Қарасаң ештеңе жоқ!!! Әйдәәә, сосын бас кеп айқайды!!! «Далада ешқандай шашау жоооқққ! Мааамммааа! Өтірік айттың» деп отыра қап жер тепкілейсің. Сосын әкем (өзі қулау кісі): «Таңертең кім ерте тұрса, соған бұйырады дедім ғой саған. Көршінің балалары теріп алған ғой.Ерте тұру керек еді» дегенде аузымды аша алмай қалуыш ем.
Сол кезде, неге таң атпай оятады? деп түсінбейтінмін. Сөйтсем, Наурыздың атқан таңының өзі әсерлі болады екен. Ата-анам арайлап атқан таңның шуағын көрсін, Наурызды сезінсін деп ерте оятатын көрінеді. Сол кезде ештеңе түсінбейтін сәби бүгінде, әрбір Наурыздың таңы атқанда, ұясынан көтеріліп келе жатқан күнмен бірге сол балалық шағын есіне алады.

Бүгін де ағайын тума жан жақтан жиналып, әңгіме дүкен құрып, Наурыз көже ішіп жатқан болар. Шет жақта жүргенде Амалдың күнін қатты сағынады екенсің!

Айтаберліктер, Жыл құтты болсын!

Суреттер ғаламтордан алынған

22 пікір

Korkem
Жыл құтты болсын! Отбасыларымызға құт-береке, молшылық, бақыт қона берсін! Бірлікте болайық ағайын!
didi0393
Jyl kutty bolsyn!ak mol bolsyn! Jumysta otyrm.demalys berilmedi okiniwti(((
yesbolat83
Мен де таңертең «Амалға демалыс бермеді» деген реніште жұмысқа аяғым тартпай вахталық автобустар жүретін автобекетке келсем, бұл жерде Қазмұнайгаздың ұйымдастырылуымен керрремет дастархан әзірлеп қойыпты мұнайшылар құрметіне.
Жұмыстастармен көрісіп, көңіл-күйім көтеріліп, жұмысқа аттандық.
Түскі үзілісте асханадағы ас мәзірі де мерекелік екен. Біріншідегі-наурызкөже.

Аз да болса мерекелік көңіл күй сыйлады біздерге жұмыста. 3-ші сурет үлкеееен бап кеткен секілді.
ZevsKO
Жыл құтты болсын! Сіздің жұмысыңызда жақсы екен. Кішкене болса да назар аударып, құттықтап жатыр. Бізде ол да жоқ :(
qyrmyzy
Наурыз көже ужы ішіп жатырсыздар ма? , айттым ғой (((
Мына тамақ бір адамға арналған ба????
yesbolat83
Ия, бір адамға арналған мерекелік түстік ас. Жәй күндері разностың сыртындағы үшеуді бермейді.
korwinin_kyzy
балаөшағалары
Урду тілінен аударғанда " бір әулеттің балалары" деген
mairosh
Керемет. «Жыл құтты болсын!» Отбасымызға молшылық, табыс алып келсін!
ZevsKO
Смайлигің қандай күүшті! Кім установка жаасайды айтып жіберші???
mairosh
Өзім керемет білемін деп айта алмаймын. Бірақ мына жерді қарап көріңіз:) aitaber.kz/blog/webtech/3382.html
ZevsKO
көөп рахмеет! Мынаны жақсылап отырып, карап настройка жасамаса, миым жетпи жатыр…
yesbolat83
Жаңа жыл құт-берекесімен келгей! Әр шаңырыққа ырыс-несібе, шаттық, Аллаһтың тыныштығын тілеймін!
Delfina
Оралдықтарда жақсы тойлайды негізі. Бұл күні ұйқыдан тұра сала көрісуге кірісіп кететін едік, көршілерге барып)))
Enbekten_beretin_afai
Не боп кетті екі жана жылма не? біресе Новый год біресе Наурыз че там кашан апределятса етемиз?
yesbolat83
Көршінің қызының құрбысы емессің ба? Сөз таптауың ұқсайды екен.
ZevsKO
Бұл комплимент па? Көршінің қызының құрбысы? Ойланатын сұрақ екен…
ZevsKO
екі жаңа жыл! Өайта керемет емес пе? екі рет тойлауға мүмкіндік бар. Ресми түрлде Наурзы жиырма екісінде тойланады. Ал батыстағылар ертерек тойлайды. с тандартқа кіріп, инкубатордағы жұмыртқалардай болып жүру керек деген заң жоқ әзірге. Болып жатса оны да көрерміз…
Enbekten_beretin_afai
Бір жаңа жыл «Насрони» яғни хритсияндардыкі Рождество, ал екінші Наурыз «Маджуси» яғни Фарсылардыкі
АЛ ЕНДІ НЕ ІСТЕЙМІЗ?
VVVWWW
Әңгіме мерекенің қайдан шыққаннында емес, мазмұнында болып тұр ғой. Мысалы кешегі 8 наурызда аналарын, қарындастарын құттықтаған қазақ жігіттері қайдағы бір Клара Цеткенді естеріне алды деймісіз.
МЕРЕКЕ МЕ, ТОЙЛАУ КЕРЕК!
Соңғы өңделген уақыты:
Enbekten_beretin_afai
«Соқыр тауыққа бәрі бидай»

ауызына келген тамақты ауызына тыға берген адамнын жүрегін май басып кетеді
алдына келген мейрамды тойлай берген адамнын жүрегін лай басып кетеді
Jako
Не деген қыршаңқылық…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.