Достық күні

Құттықтаймыз! /
1-ші мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесі! Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елімізде 100-ден аса ұлттар қазақтың қара шаңырағының астында тату-тәтті өмір сүруде. Күллі әлем алдында Қазақ мемлекеті түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген бейбітшілік пен татулықтың асыл ұясына айналған қасиетті мекен.
Мемлекетімізде мекен еткен халықтар достығы нығайып, әрбір азаматының кеудесінде асыл Отанына деген сүйіспеншілігі асқақтап, патриоттық сезімдері мықтала беруіне тілектеспін!
Халықтар бірлігі мен достастығы мерекесі құтты болсын!

Қанша ұлт болса елімізде ынтымағы жарасқан,
Күлім қағып амандасып, қуанышпен тарасқан.
Бірлік атты ту астында келеміз біз көшбастап
Лайым солай бола бергей, дұғамыз сол жаратқан!










3 пікір

qyrmyzy
Құтты болсыыын!!!

Korkem
мереке құтты болсын! Береке тілеймін!
mairosh
Құтты болсын!!! Бірлігіміз нығая берсің
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.