Ерлігі мен өрлігі таусылмайтын- ұстазым!..

Құттықтаймыз! /
Ерлігі мен өрлігі таусылмайтын- ұстазым!..

Қадірлі ұстаздар!!Ұстаздар мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Келінтөбе ауылымдағы № 192 орта мектебінің ұстаздар қауымына жылы лебізімді білдірсем деп едім.Жыл сайын өздеріңізбен бірге аталып өтетін мерекеде сіздерге жазбаша ғана құттықтау жазып отырмын! Алыста жүріп мектептің мән-маңызын,қадір-қасиетін, жалпы айтқанда балалықтың шалалығын енді түсініп жатырмын:
Еркелігімізді көтеретін анадай,
Білімменен сусындатқан аямай
Мақсатыма жетермін деп жүргенде
Өзіңді мен алмаппын-ау бағалай-
Алтын ұя мектебімді аядай.
Ұлағатты ұстаздар! Жыл сайын балғын балаларды мектеп табалдырығынан аттатып, жыл сайын жас түлектерді жаңа өмірге қанат қақтыртып, ұшырып жатсыздар.Сіздердің алдарыңызда біз қаншама рет басымызды исекте аздық етеді.Даналардың даналары да ұстаз алдын көрген. "Ұстазсыз шәкірт тұл",ұстазсыз қоғамды елестету мүмкін емес.Мұғалімдер-білімнің шамшырағы, шәкірттің тәрбиешісі әрі психологы.Сіздермен мақтану, мақтау, мадақтау парызымыз, бізбен мақтануларыңыз 11 жыл бойы сіңірген еңбектеріңіздің жемісі.Мәуелі ағаштың саясында күн көзінен нәр алып піскелі тұрған біздер-жемістерміз.Біздер сіздерді қуантудан әсте шаршамаймыз, себебі ұстаздардың ұлағаты бізде сарқылмақ емес.
Ұстаздар қауымына:
Ұстаздарым, мейірімдім, ақылдым!
Мейрамыңа сәлем арнап жатырмын.
Тілекшімін тілектерге, дегенмен
Ең бірінші амандығы басыңның!-деп тілегімді арнап, төмендегі өлең жолдарымен жазбамды түйіндесем:

Ұстаздарым!
Дархан дала кеңдігі
Ұстаздарым-
Адам,қоғам теңдігі
Ұстаздарым-
шын жанашыр жақыным,
Таусылмайтын ерлігі мен өрлігі!

2 пікір

Yeld
Мұғалім болу қиындап кетті… Қанша жақсы мұғалім болам десе болғызбайды қазіргі кез… Ешкім оларды түсінбейді, семьясы да түсінбейді… Ата-анала МҮЛДЕМ, МҮЛДЕМ түсінбейді…
Бұдан былай ұстаз болу үшін үйленбеу керек, күйеуге шықпау керек!
yesbolat83
Бір кездері ел сыйлап, қадір тұтатын ұлағатты ұстаздардың бұл күнде…
Айту қиын енді. Бұрындары мұғалімімізді көшеде көргенде жасырынушы ек. Олар біздерді еркелетіп те, ұрып та білетін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.