"Айтабер" блоктұғырын ашу идеясына екі жыл

Құттықтаймыз! /
«Айтабер» блоктұғырын ашу идеясына екі жыл! Осы бір сайт бетін ашқаным күні кеше ғана сияқты болғанымен бүгін міне екі жыл болып қалыпты. Осы бір екі жылдың ішінде өзіңсіз өткізген күндерім жоқтың қасы десем қателеспеспін деймін. Осы бір екі жыл ішінде қаншама жақсы жандармен аралысып таныстым. Олардың ішінде Абай (Конфикт), Есболат сияқты інілеріммен жүз көрісіп дидарласу мүмкіндігіне ие болдым.Мен өзіңе өте ризалығымды білдіре отырып, «Айтабер» жасай бер, түрлі жазбаларыңмен қуанта бер дегім келеді.«Айтабер» блоктұғырын ашу идеясына екі жыл толуымен құттықтаймын. Осындай тамаша идея бастарына келген Садық, Ербол, Берікбол, Зафар сияқты жігіттерге рахмет!

12 пікір

beko
2 жас) иә, демде. Құтты болсын барлықтарыңызға.
Jako
Уақыт солай зырлайды…
Korkem
Қой, осы үстімізге мінвалған жылдың қаңтар айында тойламап па едік? Агенттегі жыпылық еткен Айтабер логині ғана шығар? 27.ші қаңтар еді ғой? Осы 2.ші қараша іске қосылып, 27.ші қаңтарда жария болған кезі ғой деймін?
beko
Негізі расында киттай балаға ат берілгендей 2 Қараша күні айтабер етіп тіркелінген интернет әлеміне, ал туылған күні қазір нақтысы есімде жоқ, қарауым керек, кейнірек жазармын егер жазып қоймаса.
Kan
Осы бір көктемгезінде ма жуық арада бір құттықтап өлең жазған едім. қалай казірде қайта «Айтабердің» туған күні болып қалды.
Айтседе бұл сайттың қазақша сайрап, жастардың шығармашылығына үлкен қолдау көрсеткеніне өз басымдән ризамын.
Jako
Жігіттер, қыздар, осы мен қателесіп бір нәрсені бүлдірген сияқтымын. Түнде поштам осылай хабар жіберген соң ойланбай жазып жіберіппін құттықтауды.Олар да қателескен болар. Кешірім сұраймын))))
Соңғы өңделген уақыты:
Ak123
Айтабер екеуміздің туған күніміз бір күнде — 27 қаңтар! :)
tonukok
Айтабердің идеясы туғанына екі жыл :) Туған күнін қаңтарда тойлаймыз дүркіретіп құдай қаласа :) Жақсы ниеттен толық іске көшер кезеңі басталған осы күннен :) Рахмет ағасы
Jako
Бәсе, бостан-бос емес бір негіз бар екен ғой, Садко рахмет ақтап алғаныңа)))
Abylai
:)) ал құтты болсын!
Мен идея мына кезде туылды ма десем
yesbolat83
Құтты бола берсін! Жастан жасқа жете бергей сайтымыз!
pari
не де болса, ғұмыры ұзақ болғай
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.