Жаңа жыл! Жаңа жас!

Құттықтаймыз! /
Құрметті достар, Жаңа жылдарыңызбен! Кеше, яғни, 1 қаңтар күні сайтымыздың беделді әрі белсенді қолданушыларының бірі — Жақыпбек ағамыз (Jako ) 56 жасын толтырды.

Ол қазақ интернетіне тәрбиелік мәні зор жазбалары арқылы өскелең ұрпаққа өз білгендерімен бөлісіп, тәрбие беріп жүрген жандардың бірі. Тек қана Айтабер мен СЖ-да ғана емес, өзге де сайттарда белсенділік танытып жүрген Жақыпбек ағаның қаламынан біткен ғибрат аларлық тамаша жазбалары мен санаға түйерлік туындыларын оқығанда ерекше әсерленетініміз ақиқат.

Құттықтаймыз!: Жаңа жыл!    Жаңа жас!

Құттықтаймыз!: Жаңа жыл!    Жаңа жас!
Жақыпбек аға, туылған күніңіз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, толыққанды бақыт тілеп, жеңгеміз Гауһармен ұзақ әрі шаттықты ғұмыр кешуіңізді тілейміз. Ұл-қыздарыңызбен, немере жиендеріңіздің қызығын көре беруіңізге тілектеспіз! Осындай ақ жарқын жүзіңізден күлкі кетпей, әрқашан сенімді дос, ақыл айтар кемеңгер, тәлім берер ұстаз, жол сілтер ақсақалымыз боп жүре беріңіз! Абыройыңыз асқақтай берсін! Құттықтаймыз!: Жаңа жыл!    Жаңа жас!

Достар! Өз тілектеріңізді айтаберіңіздер!

14 пікір

Jako
Ооо, Еске рахмет! Барлықтарыңызға жаңа жылда шаңырақтарыңа мереке, дастархандарыңа береке тілеймін!
satirik92
Білмеппін. Құтты болсын! Сізден біраз ақыл сұрап едім. Сол үшінде рахмет!
Jako
Рахмет Арыстан!
pari
туылған күніңіз құтты болсын! Алла басыңызға ұзақ ғұмыр берсін! Отбасылық бақытқа кенеле беріңіз! Жаңа жыл барлықтарыңызға құтты болсын!
Jako
Рахмет Сағыныш, саған да табыстар тілеймін!
Kan
О массаған Жақыпбек аға туған күніңізбен құттықтаймын. Алла екі дүниеде де сізге разы болсын!
Jako
Рахмет Қанат!
Jako
Рахмет Қанат, Алла өңіліңді көтерсін!
adai_make
Жәке! Жаңа жылда келген жаңа жасыңыз жаңа жақсылытар әкеліп, жаңарған көңіл-күй сыйласын! Мен Жаңаөзеннен Меңдібай деген ініңізбін. Тілегімді қабыл алыңыз.
Jako
Рахмет Мәке, рахмет сізге!
Korkem
Ох!Қалайша байқамадым екен((( Ештен кеш тәуір, мықты денсаулық тілеймін, ағасы! Бала менен шағаның қызығына тоймай, ұзақ өмір сүріңіз!
Jako
Рахмет Көркем, сағанда көөөөп жаса деп бата беремін.
Yeld
Отбасыңыз аман болсын, жасыңызға жас қосылсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.