Ал, достар, құттықтайық!

Құттықтаймыз! /
Бүгін сайтымыздың белсенді қолданушыларының бірі Есболаттың туған күні! Еске бауырым, туған күніңмен құттықтаймын! Алдағы армандарыңа жете беруіңе, отбасыңа жылылық, шаттық, бақыт тілеймін! Әрдайым арамызда осылай белсенділіктеріңмен қуантып, жазар ойларыңмен бөлісу бақытына бөлей бер деп тілек тілеймін, інім! Ал достар, сайтымыздағы тоқырау күндерінде де күнде келіп бір төрлеп кететін Ескеңді жабыла құттықтайық.

15 пікір

followme_alik
yesbolat83, Айтабер ұжымы саған Бақыттың тек баяндысын… Тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңа жете беруіңе тілек білдіреді :) Ізгі ниетпен x}}}
asmaziri.kz/ сайтының он саусағынан өнер тамған арулары, сіздерден кезекті дәмді торт күтеміз, =P
yesbolat83
Рахмет, бауырым. Саған да көптеген жақсылықтар тілеймін.
yesbolat83
Ооо, рахмет, аға. Айтқаныңыз келсін. Сүйікті сайтымнан осындай құттықтау алам деп ойламаппын.
Madi
туған күніңізбен! Өмірден көрер қызықтарыңыз көп болсын! Қызықты жазбаларыңыз мол болсын!
yesbolat83
Мәди, көп рахмет.
zhano_almuhambet
Құттықтаймын туған күніңізбен! Думан күніңізбен! Ауырмаңыз! Сырқамаңыз! Жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын! Оқырмандарыңыз арта берсін!))) Алақай! Тағы да құттықтаймын!
yesbolat83
Әмин. Айтқаның келсін, қалқам. Көп-көп рахмет.
Yeld
Денсаулық пен бастың амандығын тілеймін. Бойдан қайрат, жүректен жігер, білектен күш кетпесін. Туған күніңізбен!
yesbolat83
Рахмет, бауырым.
oryngaliya83
Құрдасым, туылған күніңіз құтты болсын!!! Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде өміріңіз мәнді және сәнді өтсін!
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА!!!-демекші аңсаған арман-тілектеріңіз орындалсын!
yesbolat83
Бұл ауылдан өзіме құрдас таптым.)
Айтқаның келсін, құрдас.
maulen
Есбол аға, туған күніңізбен! «ештен кеш, жақсы»,-депті ғой! Ренжімерсіз кештеу құтықтап жатқаныма! Сізге жалынды жазбаларыңыз бен ұшқыр пікірлеріңіздің таусылмауын тілеймін! Арамызда жігер сыйлап жүре бергейсіз!
yesbolat83
Кеші нес, біз әлі тойлап жүрміз.)
Көп-көп рахмет, бауырым.
ulzhankzz
Туған күніңізбен!Қуанышты күндер көп болсын!))
yesbolat83
Рахмет, Ұлжанқыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.