Анама арнау

Құттықтаймыз! /
Жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, жүзі жарқын жаным мама!
Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім — өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан — МАМА, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәнгі қарыздармыз. Мейірім мен махаббатан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла — бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын ботам» деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін ешнәрсе де жоқ, мама!..
Сізді бүгінгі 43-ші туылған күніңізбен құттықтаймыз. Сіздің бұл дүниеде болғаныңыз қандай жақсы, сіз болмасаңыз біз қалай жүреміз, қалай өмір сүреміз. Өміріміздің мәні де, мағынасы да, бар байлығым, алтын қазынам сіз, өзіңізсіз, мама. Әлемде қаншама білімгерлер, қаншама ғұлама философтар болса да, ешқайсысы сіздің тырнағыңыздың ұшына да татымайды, қандай қиын қыстау кезеңдер болса да, мен қиналмай сүрінбей өтіп кетемін, өйткені өмірімде сіз барсыз. Сіз барда ешқашан жыламаймын, сіз барда алға самғаймын, сіз барда әрқашан күлімдеп жүремін, себебі өміріме нәр беруші сіз барсыз. Осы уақытқа дейін сіздің көңіліңізге кірбің түсіріп, жүрегіңізге қаяу түсірген болсам қызыңызды кешіріңіз. Себебі барлығы да бала сезіммен болды деп ойлаймын.
Сізге папа екеуіңіз дендеріңіз сау болып, ұзаааақ бірақ тек қана қуанышқа толы мәнді ғұмыр кешулеріңізді Алладан сұрап жүремін. Біздің тек қызықтарымызды көруге жазсын. Осы уақытқа дейін әлпештеп, аялап, басқаның қол ұшын тигізбей өсіріп, оңым мен солымды айырып үйреткеніңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Біздің осындай жетістіктерге жетуіміз тек өзіңіздің арқаңыз, сіздің сабырлылығыңыз бен өмірге деген оң көзқараспен қарауыңызда деп білемін. Небір қиын күндер өтсе де, бәрі артта қалды. Енді алдымызда тек қана жақсы күндер күтуде. Аллаға мың да бір шүкір сіз секілді «АНА» нәсіп еткені үшін.
Мама, білесіз бе осы уақытқа дейін білместікпен қаншама рет сізді ренжіттік, ашуландырдық. Бәрі еркеліктен деп есептеңіз. Осы үш томпиған балаларыңызға ренжімеңіз) Сізді қатты жақсы көреміз, тіпті, мен ешқашан өмірімді өзіңізсіз елестетіп көрмеппін.
Осы уақытқа дейінгі өміріңіздегі қиын күндеріңізде қасыңызда бола алмадым, негізі қыз бала әрдайым анасының жанында болуы керек емес па? Білім жинап, қатарынан кем болмасын деп біздің жағдайымызда ойлап өзіңізді тіпті бір сәт ойламадыңыз. Сізге өмір бойы қарыздармыз, нендей нәрсе жасасақ та борышымызды өтей алмаспыз. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген сөз расымен де ақиқат.
Маматайым, езуіңіздегі күлкі, тіпті көзіңізден тамған әрбәр тамшы жас құаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!

5 пікір

MSHERIMBEK
анаңызға алла қуат берсін. қызықтарыңызды көрсін.
assiya_nurlybaeva
әмин, айтқаныңыз келсін Садко.
maulen
Мынаны оқып еміреніп кеттім ғой. Анаңыз қашанада қасыңыздан табылғай, ғұмыры ұзақ та қызыққа толы болсын!
Соңғы өңделген уақыты:
assiya_nurlybaeva
Рахмет, Мәулен. Айтқаныңыз келсін, әмин. Сіздің де Анаңыз ұзақ та мағыналы ғұмыр кешкей
maulen
Аумин, аумин!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.