"Ғашықпын!!! Шын ғашықпын сол..."

Медиа Центр /
Иә, мен оған ғашық болдым. Бір көргеннен. Негізі, ондай әдетім жоқ еді…
Сол күні, әдеттегідей емес, ерте, ерекше көңіл-күймен ояндым. Таң да әдемі атты. Жұмыстарымды бітіруге асықтым. Қайран, олимпиаданың 400 сұрағын жасау оңай емес екен.

Қайта-қайта қол сағатыма қарап қоямын. 16:00де белгілеген жерде болу керек, қырсыққанда дәл сол кезде жұмыстарым бітпей, 5-10 минут кешігіп бардым. Кірдім де жан-жағыма қарай бастадым. Таныс бейне табылмады. Сол кезде артымнан кеп біреу құшақтап алды. Шошып кеттім. Сол екен деп жалт қарадым да, қатты қуандым. Көріспегенімізге бір жыл болған блогшы Балғырған екен. Қатты қуандым! Бір ай бұрын поштама хат жазып шақырған жанды таппадым. Балғырғаннан сұрасам, телеарналарға сұхбат беріп жатыр екен. Не керек, көрменің ашылу салтанаты басталды. Ық ық

Естеріңізге сала кетейін, Айкона мына жерде көрмеге шақырған болатын. Мемлекеттік Орталық музейі «Ғаламарт» шығармашыл жастар клубымен бірлесіп «ДАЛА САЗЫ» атты ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесінде мына домбыраға ғашық болдым. Шын, ғашық болдым.



Адам көп болғаны сонша, суретке дұрыстап түсіре алмады. Бары осы



Көрме 2012 жылдың 28 наурыз — 10 сәуір аралығында Орталық мұражайда өтеді.







Көрме жайлы толығырақ мына видеодан көре аласыздар

48 пікір

pari
тамаша Қырмызы.Сонда барып, суретке түсіріп, видеоға түсіріп Айтаберге келіп бізбен бөліскеніңе алғысым шексіз! Негізі өз ісіңнің нағыз маманысың! Жарайсың!!!Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
qyrmyzy
ық ық, рахмет!
pari
айтпақшы гүл берді ұмытып кетіппін.мәәә саған…

qyrmyzy
кідәй-кідәй, рахмеет
kema
qyrmyzy sen keremet jansyn!!! Mende gawykpyn osy postyna)))) Netken keremt reportaj, keremet an shashu jane suretterinde. Osy kara dombyrany sagyndyryp, eldi esime tusirip, kozime multiksiz jas akeldin. Ulkeeen rahmet sagan qyrmyzy
qyrmyzy
рахмет! Не деген сөздер...(өткендегідей қызғанатындар минустап тастаса, ренжимеңіз) сіздер үшін ғой бәрі. «Сіз үшін тағы не істей аламын?» ©
AKA
Қобыздың үні керемет, иә? Мынаны тыңдап рахаттанеееп отырмын. Күшті жазба!
qyrmyzy
иә, толығымен ютубқа салармын, на сілтемең үшін рахмет
kuka097
О жарайсың кореянка!
VVVWWW
Кореянка дегенге түсінбедім, Қазақтың қара қызы емес пе
VVVWWW
Тамаша жазба, мен де соңғы суреттегі қобызға ғашық болып отырмын, домбыра даусынан қазақтың тегеуіріні, күш қайраты сезіліп тұрса, қобыз сарынынан қазақ даласының мұң зары, қайғы қасіреті сезілетіндей ме… қалай өзі, өзім солай елестеттім
qyrmyzy
соңғы қобыз сенікі онда))) рахмет
Moldir_96
Ооой, мен сізді «бір адамға» шын ғашық болды деп ойлап қалсам(())))
Хех, постыңыз керемет! Қазақтың қара домбырасы мен күмбірлеген үні бар қобызының кез келген адамды өзіне баурап алатыны сөзсіз! Тамаша! Жарайсыз, Қырмызы!:)
qyrmyzy
ық ық, рахмет!
Korkem
Муахахахах, мынаның тақырыбын оқығаннан бастап бәрінің ойында арам ой боп Абылай тұрған шығар))) Тақырыбың өртейді
DINA
тақырыбыңыз тартады екен)) Жарайсыз, әпке! Тамаша, бәрін бөліскеніңізге рахмет
Argyn
ия тек тақырыбы ғана тартады)))))))
qyrmyzy
ық ық, видеоны қарадың ба өзі???
qyrmyzy
видеода саған арналған сюрприз бар!
DINA
неге олай?))) Тамаша, бәрін бөліскеніңізге рахмет дедім ғой)
Aikona
ООО, рахмет! Керемет репортаж жасапсың!
Argyn
Менің жасаған сюжетімді көрдің бе????? Айжан ұйымдастырушы)))))))
Aikona
Көрдім, рахмет сағанда! Сенімен танысқаныма қуаныштымын!
qyrmyzy
ибай енді танысватсыңдар ма?
Aikona
иа :). Көрмеде таныстым ғой, суретіне ващщще ұқсамайды иа
Argyn
неге?????
Aikona
өмірде симпасың ғой :)
qyrmyzy
әй,әй, көрме ұйымдастырдың ба, әлде…
Aikona
хе хе ұйымдастырдым ғой, мынаны біреу оқымасын :) еш жаман ойым болған жоқ тек ол менің досымның досы ғой
qyrmyzy
ық ық, қорқпа, мында Сатекең жоқ :)Ақталватқан түрінееееееннн
айтқандай, көже мен бауырсақ кучтіііі болды! рахмет!
Aikona
Сатекең емес еді негізі :) хе хе қалжың ғой :) Ұнаса болды ғой
Argyn
өзі бір шұқыланып қалған қыз екен… мынау қырмызың
qyrmyzy
аха, ұқсамайды
Argyn
мен де қуаныштымын))))
akil_kalta01
Ал енді не дейміз, ғашығына қосылып бақытты бол! :)))
qyrmyzy
үйрететін адам таптым домбыраны, енді алу керек ғашығымды дүкенде тұрған;) Рахмет
Argyn
Айконадан алсай 20 мыңдық домбраны 10 мыңға түс деп…
sirius
Мен, Мұқағалидің: "Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға" деп басталатын өлеңінің аудиосын салған ба немесе бір адамға ғашық болған ба десем....*))) Шынымен-ақ ғашық болатындай нәрсе екен. Қазақтың қара домбырасын күшті жасаған. КЕРРЕМЕЕЕТ! Домбыраны қалай, қандай ағаштармен, немен жасалатынын және бағасын да біліп алдық. Сізге рахмет, жарайсыз!!!*)
Argyn
оооо видеоны көрдім… жарайсың Жаңылай)))) дәстүрлі ән жасасын))))
mairosh
керемет қой маған ұнады. шынымен әдемі домбыра.
qyrmyzy
ық ық, рахмет!
erke_ky3
Әдемііііііііііііі :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.