С.Майғазиевтың орындауындағы "Асыл ана" әні

Медиа Центр /
Асыл ана

Самайдағы, ақ шашыңның әр талына қарызбын,
Еш нәрсемен өтелмейді – ау парызым.
Жауаптымын, жанарыңнан, сырғанаса тамшы жас,
Маған, бәрі сын.
Ауырмашы, аман жүрші, көз алдымда көрініп,
Арамыздан ұзамашы бөлініп.
Көңіліңе қаяу түссе, шырылдайды – ау жүрегім,
Жаным, егіліп

Қайырмасы:
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Ақ тілекшім, ақ жолдайым, ақ жүректі анашым.
Бәйек болып, қабағамды бағасың,
Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен.
Сендей жан ашыр.
Есейсемде, аңсатады алақаның, аялы,
Еске салып сәби күнді баяғы.
Айналайын деген созің жүрегімде анашым,
Мәңгі қалады.

Қайырмасы:
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Қайырмасы:
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Асыл ана, жүрегі елжіреген

4 пікір

qyrmyzy
әнді де көшіре салмадың ба?
DINA
қалай көшіреді?
qyrmyzy
«СЖ» сайтына қойшиш
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.