Осы уақытқа дейін біршама видеонұсқаулықтар түсіріп тастаған екенмін. Camtasia Studio 7-мен түсірілген видеолар.

Медиа Центр /
Кейде бір сөзді жазып, суретпен әрлендіргеннен жеткізбек ойынды видео арқылы жеткізу өте ыңғайлы. Видео арқылы көрсету өте тиімді екенін жақсы түсіне бастадым. Бауыржан ағамыз: "Қазіргі таңда адамдар тіпті дайын мақаланы да оқуға ерінеді! ҚАзіргі таңда отырып алып видео түрінде көруді қалайды!"-деген сөзі бар еді.

Сұрақ-Жауап сайтын ашқаннан соң белсенді жауап беріп, көмек қолын ұсынушылардың алғашқы белсенді қолданушысы өзім болдым! :) Мәтінді теріп, өз ойымды кейде жеткізе алмағандықтан қойылған сұрақ компьютерге қатысты болса, онда Camtasia Studio 7 көмегіне жүгінетін болдым. Соның арқасында қалай екенін білмеймін, анда-санда 1 видео қосу арқылы біршама видеоны жинастырып қойғанымды байқамай да қалыппын!

1. Format factory мен қалай жұмыс істейді достар. одан қалай видео аларымды білмеймін?



2. Сайттарға шығатын жарнама(ұятсыз) жарнамаларды құртатын программа керек.



3. Барлық файлдарым блокнотқа айналып кетті. Файлдың аты блокнот суреті .exe деп барлық құжаттарым жоқ болып кетті. Қалай қалпына келтіруге болады?



4. Қалай өзім антивирусті ауыстыруыма болады?



5. Браузерлер туралы сұрақ Қалай барлығы да Операмен ашылатын етуге болады?



6. Компьютерімде қазақша әріптер жоқ, тек орысша және ағылшынша әріптер, не істесем болады?



7. Виндоуыс 7-ге арналған неро прогасы керек еді...



Бұдан бөлек көптеген видеоларым бар екен. Оны мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар. :)

7 пікір

Karlen
Жарайсың! Басқа не айтамын. БАрлығын көріп шығу керек екен.
Arhun
хе-хе, толық бір коллекция жиналып қалыпты ғой! Мен де алғаш осы сенің видео сабақтарыңа қарап бастаған едім =)
Sabions
былай қарап отырсам қарапайым нәрселер, мен де бұрын қарапайым нәрсе үшін видео түсіргенмін… мүмкін болса салып көрсем? а Ербол?
pari
Ербол аға, иә, осы уақытқа дейін біршама бейнесабақпен сусындатып тастапсыз.Әлі де жалғаса берсін.Іске сәт!
qyrmyzy
Маддис! Инетте қазақ тілінде осындай видеосабақтар көбейе берсін!
Moldir_96
Пайдалы ақпараттар!) Жарайсыз! Тек қана алға!
dimash
№5 сұрақты мен жазып едім, сол кезде видеосабақпен жауап жазады деп ойламағанмын) Шыны керек, сол Сұрақ-жауап сайты арқылы үйрендім қалай ғаламторды пайдалануды. Ең алғаш тіркелген сайтым да сол болған.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.