Aikero видеоблог-4

Медиа Центр /

Көптен күткен видеоблогың төртінші бөліміне де әрең дегенде жеттік-ау ақыры… Бұл жолғысы тіптен ұзақ түсірілді ғой. Қар жауып тұрған қыста да, күн жылып тұрған көктем де де 1-2 минуттан түсіріп 5-6 минуттың видеоны қаншама айлар бойы жалқаулығымыз ұстап әрең түсіріп шығарып отырған жайымыз болып тұрғаны.


19-шы Наурыз күні менің тұған күнім болған. 19-шы Наурызға дейін түсірдік, менің тұған күнім келген кезде біраз күндер түсірмей қалып, кейіннен тағы түсіріп, солайнан әбден шатақ қылып жібердік. Енді не болса да бәрін қосып бір видеоблог қылып шығарып отырмыз. Келесі видеоблог бұлысынан көрі жақсырақ болады…




Неге видеоблогтардың уақыты ұзақ созылып барып әрең бітеді? Өйткені біздің көрермендер саны қатты қызықтыра қоймады. Мына жерге электронды адресін жазып, біздің тұрақты оқырмандар санына қосылып жатқандар саны қазіргі уақытта 56 ғана. Біздердің тұрақты оқырмандарымыз саны қаншалықты көп болса бізде соншалықты тез етіп шығаратын едік. Біздердің мыңдаған көрермендеріміз болса міндетті түрде аптасына 1 рет шығарып тұратын едік. Бірақ олай емес. Сондықтан да сіздерге айтар өтінішіміз: өздеріңіздің таныстарыңыз бен достарыңызға біз жайлы айтып, оларға да қызықты видеоблогты көріп уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік беріңіз. Басқаларына біз жайлы айта отырып, сіз біздің видеоблогымыздың шығу жылдамдығына үлкен әсер тигізесіз…





28 пікір

Jako
Абай тамаша,өнерлерің өрге бассын!
aikedoku
рахмет. Сау болшы тек)) Тым асыра мақтап жібердің-ау деймін. Оданша жаман жақтарын айтшы, не нәрселерін түзету керек деген сияқты?
Sabions
сразу качества ғо ") видеоны көрмей тұрып айтайын
aikedoku
Толық качествамен компта сақталып тұр, памяты 1 гигабайттан көп. Әбден мыжып качесвасын түсіріп тастағанмын онлайн көргенде жеңіл болу үшін) Бірақ келесі жолы HD форматта шығаруға тырысармын енді.
Nuradil
йа HD-да шығарсыңшы)
Nuradil
жақсы) ауылдағы өмір ғой)
бірақ қандай камераға түсірдіңдер?
MSHERIMBEK
Мықты. Қызылордалық жігіттерде талант жатыр ғой:)))
aikedoku
Брат, адамды ұялтып жібердің қатты мақтап))
Arhun
Тақырыбын «Самурайдың сёгуната үйіне жол сапары» деп қойсаң, тіпті қатып кетер еді ) Негізі, тамаша шықты видео!
a63a1
Жалпы жақсы, кейбір сәттерде адамды жалықтырып жіберед. Басы тамаша басталып еді.
aikedoku
Қандай сәттер іш пыстыртып жіберетіндей болғанын айтып жіберші, келесі видеоблогы бұдан да жақсы шығару үшін әр бір қателіктің бәрін жөндеп отыру керек қой.
aikedoku
Рахмет, бауырым. Айтқаның келсін!)
aikedoku
Ұялы телефонға жүктеу үшін сілтеме: sot.idhost.kz/videoblog-4.3gp
Turekhan
Келесі жолы біздің ауылға кеп түсіруіңе болад))).
aikedoku
Төрехан бізге келгеніңе дәу рахмет))
akil_kalta01
Жақсы сценарий керек сияқты деп ойлаймын! Дегенмен, тек алға!
aikedoku
негізі сценарий жазбай бірден камераны алып шығып басымызға не келет соны түсіре беретін тұғынбыз)) бірақ енді келесісін сценарий жазып, сценарий бойынша түсіреміз-ау деймін.
kesh
Төрехан молодец дәу кинотеатр өзің болсайш))))хәхәх жалпы жардың!
Turekhan
Киностудия деп артынша жөндедік қой.
kesh
сол жерін қиып тастау керек еді,,,,,,,,,,,,,
duman
Жаман емес сонша күттіріп көрерменге арез жеткен жетістікқой.Осылай сүйтіп бүйтіп бұданда жақсы видеоблоктар шығар деп үміттенеміз.Алла сені биіктерден көрсетуге жазсын баурым!
aikedoku
Рахмет, бауырым. Айтқанын келсінші))
dimash
Былай-былай түсіруің, монтаждауын ұнады негізі. «Жақсының жақсысын айт нұры тасысын» дейді ғой, бірақ сценарий «онша еместен» кейінгі баға. Қате болса жөндеймін десең, онда, қате сол видеоблогңның мағынасыздығында, сол мағыналы видеоролик түсірсең нұр үстіне тұр болар еді!
Бұлай жасау өзімнің қолымнан келмейтін болған сон артық сын айта алмаймын
aikedoku
Мағынаны қалай келтіру мысалы? Идеяларыңмен бөлісе отыр)
qwenchi
Өсіңдер, өсіңдер ))
korwinin_kyzy
самародокко мыналар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.