Өз әнім

Медиа Центр /
Сәлем әлем!

Қалайсыңдар?
Ән жаздым. Бөлісейін деп едім.

Жұма сал көзіңді,
келешек бір әлемде елестет өзіңді
Ойлап көр. Кімсің сен? Қайдасын?
Қай жаққа жетімдей жалғыз боп барасың?

Жазғы күнде жауған қардай,
Сұмдық! Халіміз қандай?
Төр иесін, мәпелеген,
Өз үйінен қуғандай
Жұма сал көзіңді,
ғажайып бір әлемде елестет өзіңді
Айта алмай әрбір қалаған сөзіңді
Ар-ұят қайда? Ана тілін неткен төзімді…

24 пікір

pheeria
бөліссеңдер керемет болады. Жұрт естісін!
AKA
Сұмдық! Айтарым жоқ… Видеодағы өзіңіз бе?
pheeria
өзім. Несі сұмдық?
AKA
Ұрыспаңызшы тек… Даусыңыз бар шығар, тек басқа әндерді орындап көріңізші, мүмкін болса осында видеосын да салыңызшы. Гитарада күшті ойнайды екенсіз! :))
pheeria
сынға ашықпын. Басқа әндерім де бар.
Қалай өзімді жетілдіруге болады?
Несі ұнамады?
AKA
Мына өлең жолдары солай деуге келсе мүлдем ұнамады. Мән-мағына жоқ қой, шынына келгенде. Сіз әдемі орындай аласыз, тек басқа ән таңдаңызшы, мүмкін қазіргі хит әндердің бірнешеуін айтып, осында видеосын саларсыз. Тек мына әнді айтпай-ақ қойыңызшы, өтініш…
pheeria
Бірақ осы — ӨЗ әнім.
Ал мағынасы үшін терең қарап көрсеңіз :)
AKA
Мен бар болғаны ӨЗ ойымды білдірдім. Мына әннен кейін Асанның фанаты болғым кеп кетті…
AKA
Жалпы, былай қазақ эстрадасымен таныссыз ба? Кімдердің репертуары ұнайды?
pheeria
Қазіргі әндермен таныс емеспін. Жігіттер мен МұзАРТ ұнайды.
AKA
Осы ұнайтын топтарыңыздың орындауындағы бір әдемі әнді орындап, видеосын қоя аласыз ба?
pheeria
басқа видеоларым бар сол каналда.
Әзірше cover істегім келмейді :)
Jako
Ака, шыли қатал екенсің…
AKA
Қаталдықты байқамадым, өз ойымды жаздым. Бірақ, дәл осы әннен еш мән, сазды әуен тыңдай алмадым, кешірерсіздер. Мүмкін дұрыс түсінбеген болармын, тек сүйкімді жігіттің гитарада әдемі ойнағанын ғана бағалаймын. :)
a63a1
Мен сенің құрметіңе ие болған жандардың бірі едім))) Сол пікірдің қадірін енді түсіндім АКА жханым
a63a1
Уаууу, даусыңыз керемет! Сөзі мен әнін өзіңіз жаздыңыз ба? © АКА
))) иягой
AKA
:)))))) Ол кезде шынымен де әдемі музыка тыңдай алдым, оны мойындау керек.
Moldir_96
Керемет ән екен! Өнеріңіз өрге жүзсін!
MSHERIMBEK
басқа да өлеңдеріңмен таныспын, блогыңнан:) жақсы айтасың:) рахмет!
Meirzhan
Ағылшын тіліндегі әндерге ұқсайды екен. Cover-лермен бөлісе бер.
pheeria
бұл кавер емес. каверлерді неғылам, өз әндерім бар болса?)
Aizhan
OOO. sen eken goi :))) Mynda ilgenin jaksy boldy :)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.