Бір әннің тарихы: Қос Қарлығаш

Медиа Центр /
суретҚос Қарлығаш әнінің әнін жазған Нұрлан Еспанов; Бұл ән ойда жоқта туған ән. Бірде ақын Бақытжан Ауданбаев екеуміз әңгімелесіп отырғанбыз. Оқиға болған. Екеуміздің көзіміз ескі көп қабатты үйдің подъезіне ұя салып жүрген қарлығаштарға түсті. Бақытжан бірден қарлығаштардың қасиеті туралы әңгімелеп кетті. Өте адал екенін, жылда өзінің былтыр ұя салған жеріне қайтып келетінін, адамға жақын құс екенін айтты. Бір сағаттай әңгімеміз қарлығаштар жайлы болды. Сол сезіммен үйге келе сала, жаңа әнімді шығардым. Бақытжан ағаға хабарласып, қарлығаштар туралы жаңа ән туғанын, соған сөз жазып беруді өтіндім. Бірден жазып берді. Нұр-Мұқасанның жігіттеріне ұсынып едім, ұнатып, ән репертуарына қосып алды. Қарлығашқа деген сенімнен туған ән.
суретМұқасан Шахзадаев; Н.Еспановтың Шымкентте жүрген кезі еді. Бізге бір диск беріп, әндерін қарап шығуымызды сұрады. Үш ән таңдап алдық. Арасында осы ән де бар. Ән ұнады. Ауылдағы үйге қарлығаштардың ұя салғанын көріп өскенбіз. Ол заман көзден бұлбұл ұшқалы қай уақыт. Бейнеклипті түсірерде, қарлығаштың бейнесін шынайы етіп көрсетуді ойладық. Ал олардың ұя салып жатқанын шынайы түсіру қиыннын қиыны еді. Ол үшін айлап камера қойып күтуің керек. Оны біз мультфильм ретінде түсірдік. Өйткені мультфильмді үлкені де, кішісі де көреді ғой. Патриоттық сезімдерді сәбилердің бойына сіңіру болатын. Шымкенттегі Жебе студиясымен түсірдік. Олардың жұмыстары ұнады. Батырхан атты режиссер Алматыға келіп, сценарийімді көрсеттім. Түсіріп берді. Бәріне ұнаған болу керек. Сәбилердің санасына патриоттық тәрбиені сіңірсек деген мақсатпен орындалды.

Қос Қарлығаш.
Әні; Н.Еспанов
Сөзі; Б.Ауданбаев.

Бір күн келіп алмастырып, бір күнді,
Көктем келіп, айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қ: сы;
Қос қарлығаш көктемде,
Сағындырып жеткенде,
Қандай сезім жетеледі туған мекенге.
Тағып алып ақ тұмар,
Жұлдыздай боп ақтыңдар,
Ерке өшкен үмітімді қайта жақтыңдар.

Қос Қарлығаш қияқ қанат достарым,
Қанатымен тілгілеген аспанын.
Тілгіленіп қалар еді ау жүрегім,
Ұя салса айласына басқаның.

Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,
Тірліктерің туған жерге өң берген.
Әрбір адам туған жерін сүюді,
Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.

2 пікір

qyrmyzy
Иә, баяғыда біздің үйге де қарлығаштар келетін. Осы ән ұнайды, группаластарымның репертуарындағы әндерінің бірі, рахмет!
Ағасы, төл сөз бен төлеу сөзді бір қайталап шығыңызшы...
Sabions
Ерке өшкен үмітімді қайта жақтыңдар.
ерте өшкен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.