Бір әннің тарихы: Ақмаржан (Көгершін болып кеткенмін) әні

Медиа Центр /
Ақмаржан әнінің сөзін жазған ақын Баян Бекетова; Осы кезге дейін алты кітабым жарық көрді. Он сегіз өлеңім әнге айналды. 1990ж Есенбай Дүйсенбайұлының редакторлығымен Үмітім менің деген кітабым шықты. Осы кітапқа Ақмаржан аталып жүрген әнімнің мәтіні де кірді. Алғашында екі өлең еді. Кейін ән авторы бір өлеңді шумағы, енді бірін қайырмасы етіп алып, біріктіріпті. Бұл өлеңді кезінде студенттер жақсы көретін. Жаттап жүретін. Өлеңнің құдіретін көрмейсіз бе?! Арада жиырма жылға жуық уақыт өткенде қайта туғандай болды. Заттыбек бұл әнді кітаптан ағасының үйінен тауып алыпты. Сөз танитын жігіт қой. Өлеңді бірден ұнатып, ән дүниеге келді. Заттыбектің өзі мені танымайды. Мені бұрынырақ өткен ақындардың бірі деп ойлапты. Ол кітапта суретім де басылмаған. Заттыбектің орындауында халыққа бірден тарап кетті. Арада 2 жыл өтіп, Ақмаржан оңтүстіктің хит әндеріне айналды. Бір күні Шымкенттен Н.Кенжебаев деген майор досым хабарласып, Оңтүстік Қазақстан облыстық газетінде мені кінәлап жазған материалдың бар екенін айтты. Сөйтсем, газет тілшісі Заттыбектен сұхбат алып, әннің авторын сұрайды. Мені Заттыбек таппағанын, ал ақынның хабарласпағанын айтады, олар мені неге хабарласпайды деп кінәлайды. Қыста Заттыбек хабарласып, кітабымнан алған төрт өлеңіме ән жазғанын айтып, Шымкентте өтетін кешке шақырды. Аяз болғанымен де, жас әншіге қолдау болып, жігер бермек ниетпен Шымкентке бардым. Адам көп жиналып, Заттыбек билетті біреу арқылы беріп жіберді. Залға кіргеннен кейін, құттықтау сөзім бар екенін айттым. Сол кезде алғаш сонымен таныстым. Жақында Кімсің сен деген өлеңіме ән жазып хабарласты.
Заттыбек Көпбосынұлы;Қолыма Баян әпкеміздің Үмітім менің кітабы қолыма түсті. Көгершін болып кеткенмін деген өлең бірден ұнады. Бұл 2004ж болатын. 2006ж өңдеп, 2007ж Ақмаржан болып кетті. Алғашында Көгершін бролып кеткенмін болып, кейін Ақмаржан болып кетті. Кейін сол өлеңді сол атпен қалдырдық. Қызылордаға барсам біздің күрішке арналған ба деп қайта қайта сұрап қоймаған. Сөзіне ешкім мән бермегенін байқап, түсіндірдім. Өнерге деген алғашқы төлқұжатым Ақмаржан. 2007ж Жебе студиясымен Жаңа жыл қарсаңында осы әнге шағын ғана кішкентай клип түсірілді. Бірден тарап, теледидарлардан тарап кетті. Ақмаржанға ұқсас тағы ән табу.

Ақмаржан
Сөзі; Баян Бекетова
Әні; Заттыбек Көпбосынұлы

Қоштасып ек жанардан жақұт құлап,
Жұбатты кеп ақ жеңге уақыт бірақ.
Көрінесің көңілді ал шынында,
Сенен гөрі мен екем бақыттырақ.

Қайырмасы;
Бар асылым, қимасым, жанашырым,
Дала сырың, тұп тұнық қарашығың.
Сенің сырлы сәтіңді аңсадым ғой,
Тағынғанда ақмаржан дала шығын.

Тербетілем өлеңнің құшағында,
Бауырыма ып ыстық қысамын да.
Тереңдерге сүңгимін, қарсы ағамын.
Ерік бермей екпінді күш ағынға.

Тұнығы бар көзіңде таза мұңның,
Сезбеппін ғой не екенін азабыңнан
Көгершін боп көңілім алып ұшар,
Аспанымен бұлбұл бақ базарының

Сені іздедім алысым, неге іздедім.
Ажырамас әлде сен егіз бе едің.
Дәл қазыргі сәттегі сағынышым,
Дауыл күнгі толқыған теңіз бе едің.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.