Бір әннің тарихы: Балқадиша әні

Медиа Центр /
суретБағлан Әбдірайымов; Балқадишаны бізге Бақытжан Қажымұқанов ұсынып, әнді де өңдеген өзі еді. Халық жылы қабылдады. Келу тарихы түрлі әңгімелері көп. Арқа жақтың бір ақсақалдың айтуынша; Ақан серілік құрып Қадишаның, Ыбырайдың ауылына келеді, шілдехана тойға.Ол кезде Ақанды қияли, перімен шатыс екен деген әңгімелер жүрген. Әсіресе қыздар жағы бұндай әңгімелерді жиі естиді екен. Бірақ сыйлап, Ақанды төрге шығарады. Қыздар жағы қасына отырмай, таласпай, жүрексініп, қорқады. Ыбырайдың қызының да тойы болуда. Соған дейін де ол қыз үлкен шалға атастырып қойған екен. Жиынға Қадиша да келіп, аға Ақанның қасына отырмағанда, кім отырады, мен отырамын деп, жанына отырады. Әндерін мен әңгімелерін тыңдап, бұны шал естіп қойып, Қадишаны қайтарыңдар, ие болыңдар деп адам жіберіп ескереді. Ақан той үстінде үлкен толғаныста отырады. Екі жеңгесі келіп, алып кетпек болып, Қадиша Ақаннан рұқсат сұрайды. Жеңгелері қайтайық дегенмен, Балқадиша қозғалмай, бойында қимастық сезім болған Ақан оны жібергісі келмей, қыздың да барғысы келмейді. Сол отырғанша таң атады. Қайтуға жиналғанда, Ақан домбырасын алып, ұзақ ән орындайды. Осы ән осылай пайда болған. Шахтинск қаласында тұратын бір 90жастағы қария 90 шумағын білген. Бәлкім толық нұсқасы сол шығар. Оны кезінде жазыпта елдер үлгермеді. Осы кезде туылған ән. Кезінде Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Қайрат Байбосынов, Гаухар Әлімбековалар орындаған. Біздің қайта орындап айтқан себебіміз, аты аңызға айналған серінің әнін жастарға жеткізу. Бай мұрамызға жақындату. Ол уақытта жазба әдебиеті болмағандықтан, ән де, өлең де ауызша тараған. Сондықтан бұл әннің бірнеше нұсқалары бар. Ақанның 1988ж Өнер баспасынан Қайролла Жүзбасовтың құрастырылып шыққан кітабында Балқадишаның 3 түрі бар. Сөзіне қатысты сын да бар деп естіп жүрміз. Кітаптардан, халық ішінен 7-8 шумағын тауып, ішінен 3 шумағын таңдап, орындап шықтық. Күйеуін сексен бесте шал Қадиша деп келетін жерінде, негізінде олай емес, өз теңіне қосылған.Бірақ Әміре Қашаубаевтың орындауымен солай аталып кеткен. Өйткені кеңес заманының ықпалымен қосылғаны болуы керек. Бұл ән өте ұзақ, толғау жырлар сияқты ән болған.

Балқадиша
әні мен сөзі Ақан сері Қорамсаұлы

Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, уа, шіркін, тал, Қадиша.
Сексен қыз серуенге шықса дағы,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен, Қадиша.

Бұрында асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге, қарағым, зар, Қадиша.
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар, Қадиша

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуің сексен бесте, уа, шіркін, шал, Қадиша.
Кетті деп Балқадиша естігенде,
Тауында Жыландының құшақтап қара жерді, еніріп жылағаным ай

2 пікір

qyrmyzy
Иә, клиптері аяныштыыы. Ана атаның күлгені…
Әнді ұзақ орындағанын енді естидим, рахмет!
m170785
мен де бұрын осы Балқадишаның толық әні бар етін, шағын ғана кітапша, жоғалтып алдым, табылып қалар болса енгізермін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.