Бір әннің тарихы: Дүнген қызы

Медиа Центр /
суретДүнген қызы әнінің орындаушысы Ғани Мәтебаев; Бірінші рет бұл әнді Шымкентте бір байқауда айтып шықтым. Халық таңғалып; Бұл әнді қайдан алдың, қайдан таптың, Шәмшінің бұл әні жоқ еді ғой деп сұрап қой сұрақтар бірінен соң бірін қойып жатты. Біздің жақта бар дедім. Осы әнімен танылдым. Той томалақта кейде бір жерлерде осы әннен басқа неге ән жоқ па, әнің жоқпа дейді. Ал мен болсам. мен осыны ғана айтамын деп айтпаймын. Қайда барсам осы әнді сұрайды. Негізі бұл ән ертеректе шыққан. Біздің Жамбыл (Тараз) жақта Дүнген деген ауыл бар. Кезінде Шәмші атамыздың Дүнген Қызы әлі тірі. Шәмші атамызда сол ауылда тұрған, сол үйі де әлі бар. суретӘнді Шәмші атамыз жазып, кейін суретСабырхан Асанов ағамызға сөзін жаздырды. Шәмші Сабырхан ағамызды ертіп Жамбыл жақты жиі аралайды екен. Сондағы қызға арналған. Отырардағы той, Сағынышым менің, Теріскей әндері сол жақта шығарылған.

Дүнген қызы
Сөзі; С.Асанов
Әні; Ш.Қалдаяқов
Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің,
Алаулайды атқан таңмен таласып.

Қ; сы
Қиял қанша ертелі елес,
Дүнген қызы арманым.
Кез боп келсем ертелі кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін,
Сырғалым.

Кімге болсын сүйкімді бір баласың,
Көңілімді баурап алып барасың.
Гүлге орайсың, күнге орайсың жылда сен,
Елге жәннат ерке Талас даласын.

Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ күн қысқарды.
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайық,
Қонақтатып қойып бауға құстарды.

28 пікір

qyrmyzy
Мақсат ағам орындайтын еді осы әнді.
kaz007
Сондай әсерлі өлең, өлеңді мп3 ретінде салсаң мүлдем қатып кетер еді.
qyrmyzy
Қиял қанша ертелі елес,
Дүнген жігіті арманым.
© түсіме дүнген жігіті кірмесе болғаны…
qyrmyzy
ОМГ! Қойыңыз! Беті аулақ. Дүнген қыз\жігіттерді былай өмірде көрмеппін. Сондай сымбтты, сұлу бола ма?
Jako
Қырмызы, білгің келсе мепн олар туралы қысқаша пост жазайын, болмаса түсіндіру ұзаққа кетер,қанша дегенмен аралас-құралас тұрамыз ғой.
qyrmyzy
сөйтіңізші… рахмет
m170785
алып бара жатқан сұлу емес, қарапайым халық қой кәдімгі
qyrmyzy
"Дүнген қызы арманым"
ойланып қалады екенсің ше…
m170785
неге
qyrmyzy
енді андай қыздарды армандаған соң…
m170785
қандай қыздар анандай )))
qyrmyzy
тууу, қойыңызшы енді, әнге қосып, армандайтын болған соң қызыққаным ғой:)
qyrmyzy
одан да мерекемен құттықтаңыз:)
m170785
Қандай мереке?
qyrmyzy
іШІП КЕТЕМ Бүгін біздің мереке, журналистер күні:)
m170785
АААл давай онда, құтты болсын
qyrmyzy
Сұрап алған ас дәмдісіз©, рахмет!
m170785
әәй Қырмызы ай
m170785
көрсе не болады екен, тойға барамыз, дұңған қазақтардың тойына,
qyrmyzy
Жауыр болған сұрақты мен де қояйыншы: Қазақ қызы табылмады ма? ©
m170785
әйтпесе тойға баратын едік, жиылып барлық айтаберліктер
qyrmyzy
Бүкіл айтаберліктердің атынан Жако ағай батасын беріп, сіз өлең оқып… охх, қиял кетті
m170785
Дүнген қызы арманым деп па ))
qyrmyzy
ахаха, қатырдыңыз:)
AKA
Отырардағы той, Теріскей
Керемет әндер, үйде жүргенде күнде айтатыным бар :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.