ШYNGYS, ReeGa, Maximum (ТенгеMakers) - Айгүл

Медиа Центр /


Текст

1-куплет: ШYNGYS
Ұйқылы-ояу монитордың алдында,
Отырмын арудың аватарына қарап.
ВКонтакте суреттерін бағалап,
Көздері үлкееен, фигурасы ғажап.
Көрсемде өмірімде арулардың талайын,
Дәл осындай сұлу менде болмаған мойындаймын.
Танысып, сөйлесіп, сұраған соң жағдайын,
Аты Айгүл екен, кездесуге шақырайын.
Кешкі сағат сегіз кинотеатр алдында,
Үстіме әтір сеуіп раушан гүлім қолымда.
Артыман біреу қолдарымен көзімді жауып,
«Айгүлжан, сенбісің?» мен дедім қуанып.
«Иә, бұл мен!» деді сызылған дауыс,
Бұрылсам жымиып тұр бір ұсқынсыз қыз.
Салмағы 100-150 кило аралығы,
Суретіне мүлдем ұқсамайды ғаламтордағы.
Ауызым ашылып онымен кірдім киноға,
Таныстар жоқ па деп қарадым жан-жағыма.
Шүкір ешкім жоқ, болып тұрмын қатты шок,
Келгеніме өкініп іштей өзіме жекіріп.
Кинозал қараңғы, қолдары кетті саныма,
Көздерім бақырайып белді будым қашуға.
«Кешір Айгүл барып келейін дәретханаға»
Залдан шыққан соң қаштым қарамай айналама!

2-куплет: Maximum
Тыңдаңдар достар, менімен бір қызық оқиға болды,
Интернетте отырып бір сұлу қызға тап болдым.
Достар арасына қосып онымен күнде сөйлестім,
Фотоларына қарадым, одан әдемі қыз көрмеппін.
Бір айдай сөйлесіп жүрдік, ол мені «сүйемін» деді,
Шынымды айтсам, ол уақытта бір бірімізді көрмедік,
Ол сөзді естіген мен, шақырдым кездесуге,
Бірақ ол келіспеді, «кетем» деді Шымкентке.
«Бір ай сонда боламын, коңырау шалып тұрамын» деді,
Бір айыда өтті тез, өзіде қайта оралып келді.
Кездесуге шақырдым мен, ал ол тағы келіспеді,
«Қазір түрім онша емес, қатты ауырып жүрмін» деді.
Жазылғанын екі ай күттім, әзер дегенде келісті,
Бірақ көргенде оны ой келді мен бекер келіппін.
Түрі әбіржіп кеткен, қорқынышты бір қыз келді,
«Сенің төрт ай бойы күткен ғашығың менмін» деді.
Қақпанына түскеніме бір жерім қатты ашыды,
Үндеместен бұрылып барып мен таксиды да ұстадым.
Сөйтсем фотода ол емес басқа бір бөтен қыз екен,
Менен басқа қаншама жігітті алдаған екен…

Қайырмасы:
Дігідік, дігідік ат шаптым,
Алматыдан қыз таптым.
Оны аты Айгүл,
Бетін ашсам маймыл!

9 пікір

banzaika1990
АшҚазақтардың бұдан да сапалы әрі мағыналы көпшілікке ұнайтын әндері бар ғой. Және де «Жақау лохх» дегенің бекершілік
Ais_97
Хехех виртуалды әлемде сөйлескенғоо, фотода бөтен қыз бұл не деген сорақылық!!!
alikona
Полный отстой! осыны да мәз болып тыңдап жүргендер бар екен ғой… жаным ашиды сендерге…
pari
АшҚазақтың айтатын рептері 60 пайыз боқауыз жаман сөз.Тыңдамайм өзім!
banzaika1990
Userr-ау АшҚазақтардың авторитетін түсірмей дені дұрыс клиптерін салмадын ба?! Жап-жақсы жігіттерге сөз тиіп жатыр ғой. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деуші ма еді осындайда
Manas
Қасындағылары өңшең байдың балалары.Рэптері сәтсіз шығады.Шетелге еліктеп кеткен.Жақаудан үлгі алу керек.
userr
бай болса не болыпты.

Жақау ол ислами фундаментализмді насихаттайды.Ертең жихадқа аттанып кетуің ғажап емес,
userr
Жақаудың өлеңдерін тыңдасаң қара.Менің дәлелім шыңғыстың спрашивай, ру сайтындағы тыңдармандарына сол сөзді айтып еді.Сол шындыққа жанасады.
userr
Ашқазақ көп өлең шығарама әлде Жақаума.

Ашқазақтар барлығынан озады, бір айда 5-6 рет концерт қойған әншіні көрмедім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.