Бір әннің тарихы: Махаббат елі

Медиа Центр /
суретМахаббат елінің сөзін мен әнін жазған Мұхтар Шаханов; Бұл ән жырларымның халық арасында ерекше дәуірлеп тұрған шағы еді. Қай елге барсам, оқырмандарым оте көп, жатқа білетін. Қазақ тілінде жалғыз ғана телеарна көрсетіп тұрсада, ай сайын, тіпті одан да жиі көрсететін. Қазырғыдей ұлтымыздың, тіліміздің мүддесі үшін халық жауы деп атанбаған кезіміз. Сол кештерімнің бірінде, махаббат туралы жырымды оқып тұрған кезімде, екі көзі жасқа толған бір көрікті келіншекті теледидардан ұзақ уақыт көрсетіп тұрды. Неге екенін білмедім, сол келіншектің бейнесі есімде қалды. Атырауда болған поэзия кешімде бір әйелден ұзақ жазылған хат алдым. Жолықтық. Теледидардан көрсеткен, екі жанарын жасқа шылаған келіншек екенін бірден таныдым. Ең қызығы мынада. Әйел менің 50ге тарта өлеңдерімді, кейбір поэмаларыма дейін жатқа біледі екен. Екі ұлы мен үш қызы болсада, күйеуі әйелін менен сырттай қызғанады екен. Тіпті атарға оқ таба алмай жынданып кете жаздайтын көрінеді.Барлық кітаптарымды, пештегі жанып тұрған отқа лақтырып жіберген. Осындай жағдайлар менім өмірімді екі үш рет болған. Ол әйелмен екі үш рет жолығып, ұзақ отырып әңгімелестік. Осы ән сол кезде жазылған. Бұрындары Атырау облысының Балықшы ауданында тұратын хатшы қызметі бар қадірлейтін бір ағамыз Орынбасар Еркіновтың қызы тұрмысқа шыққанда, осы әнімді бір әншіге орындатып тойға ұсынғанмын. Бұл ән Атыраудың бір қызына арналған. Бұл әнімді ерекше етіп жарыққа шығарған, басқа әншілерге ұқсамайтын өзгеше бояуы бар Жұбаныш айтты.
Махаббат елі әнінің орындаушысы Жұбаныш Жексенұлы; Бұл әнді алғаш рет Шымкент облысының Мақтаарал ауданындағы драма театрының әртісі Бәтима Сүлейменова апайдан естідім. Естіген кезімде, көңілімде қалып қойды. Кейін Сембек Жұмағалиев, Мақпал Жүнісова орындады. Бұл ән менің орындауымда кеңінен тарады. Үлкендер түгілі, жастардың өзі Сөзі қандай керемет деп айтып жүр. Мағыналы ән ешқашан өлмейді, есте қалады. Бұл ән соншалықты танымал хит ән болады деп ойлаған жоқпын. Әнін жазарда ешқандай қиындық болған жоқ. Студияға барғанымда екі рет қана орындадым. Кейін жазылып болған соң, Мұхтар ағаға тыңдатып; бұндай осындай әдемі ән жазғанымды енді білдім деді.

Махаббат елі
Әні мен сөзі М.Шаханов
Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан,
Өмірімғ нұрлы көктем болып кірдің, айнам.
Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан,
Жүрегімде басталды бір майдан.

Қ; сы;
Перзентісің гүлім,
Махамбеттің жырын,
Тудырған ұлы өлкенің.
Аямашы құрбыңнан, көркемім,
Жүрегіңнің бар нұрын.
Жанарыңда сенің,
Жатыр екем менің тағдырым.

Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайы,
Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық,
Өр теніңзге бағыт жағада тұр кемем,
Кешігем деп ойламайсың неге?

Қ; сы;
Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі,
Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі.
Желкеніңді пенделіктің билемесін желі,
Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.