Бір әннің тарихы Кешігіп неге жолықтың?

Медиа Центр /
суретКешігіп неге жолықтың әнінің орындаушысы Ақбота Керімбекова;Өнер әлеміне тың ізденіс пен тынымсыз еңбектің арқасында ғана көптің арасынан даралануға болады. Шығармашылығыма ерекшелік енгізу үшін өнердегі бауырым Қайратпен дуэт айту мақсатында дұрыс деп ойладым. Екеуміз қосылып ән айтсақ, қалай болар екен, дуэттер өте көп, шыға ма сәтті деп ойладым. Терең тақырыпты қамтыған ерекше туынды жасағым келді. Екеуміз ақылдасып, өнердегі құрбым, дарынды сазгер суретИндира Елубаеваға айтып, ән жазып беруін өтіндік. Жас жігіт пен үлкен жастағы әйелдің арасындағы махаббатты жырлайтын ән болуын өтіндік. Кезінде шал мен қыздың арасындағы маздаған махаббатты Саят Медеуовпен шырқағанда, халық жақсы қабылдады. Қазіргі жігіттердің арасындағы өзінен үлкен әйелге сөз салып, сезімін айтып жүргендері жиірек. Бар ойымыз қоғамда болып жатқан дүниені ән арқылы жеткізу болатын. Бұл ән Бегімай мен Раймалының екінші нұсқасы. Арамызда ешқандай махаббат жоқ. Халық жұптасуды шынайы өмірмен байланыстырады. Өздері қосып бақытты етеді.
Кешігіп неге жолықтың әнінің орындаушысы Қайрат Нұртас;суретБір күні мен, Ақбота Қызылорда қаласына тойға бардық.Бірнеше әндердің авторы сыйлас әпкеміз И.Елубаева қонаққа шақырды. Сол жерде Ақбота екеуміз дуэт болып, жақсы ән орындадық. Әнін Индира әпкеміз Ақботамен келісіп, отырып жазды. Сөзін Қытайдан келген ақын ағамыз суретБауыржан Қарағызұлы жазды. Бұл әнімді шығармашылық кешімде айттым. Сол жерде тұсауы кесіліп, халыққа ән ұнап кетті.

Кешігіп неге жолықтың?
Сөзі; Б.Қарағызұлы
Әні; И.Елубаева

Күз жауып тұрған аулада,
Естідім әсем әніңді.
Асқарлы мұңға жаураған,
Жылыттың менің жанымды.
Жалғыздық еді жүдеткен,
Жанымды сенсің түсінген.
Ынтыққан ыстық жүрекпен,
Сүйемін дедім, сүйемін дедім ішімнен.

Қ; сы:
Жаратқан хаққа жалынған,
Жел сірә, мендей жылаған.
Кетпеші, кетпе жанымнан,
Сұранам менен сұранам.
Айта алмай жүрмін, айта алмай,
Ғашықпын саған, ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын.

Тағдыры бөлек қыз едім,
Үздігіп неге қарадың.
Көктемім өткен күз едім,
Қиналып тұрмын қарағым.
Түсіме кірдің қаншама,
Жылайды сен деп жүрегім.
Жасымыз алшақ болса да,
Өзіңді күтіп, өзіңді күтіп жүремін.

Тілім тұр байланып,
Жүрегім кетті жаным мұң.
Сезімім өртеп, ой қарып
Көрмесем сені сағындым.
Махаббатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?
Кешірші мені жан дауам.

5 пікір

followme_alik
Алғашқы рет тыңдауым. Ұнады ән. рмт.
AKA
Журналдан оқығам, рахмет. Ұнайды ән.
m170785
сізге пасыба Акам ))
olen
БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ ҚЫТАЙДАН КӨШІП КЕЛГЕН АДАМ ЕМЕС, МЫНА ЖЕРДЕН БІЛЕ АЛАСЫЗ www.baq.kz/kaz/blogs/cat/86/about_blog/
olen
әннің дұрыс мәтіні мынау www.baq.kz/kaz/blogs/cat/86/1046
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.