Кел, тыңдайық! | 2

Медиа Центр /
Бүгін назарларыңызға Алмас Темірбайдың өлеңін ұсынамыз. Өлеңді оқыған біздің тобымызға жаңадан қосылған әріптесіміз.
Өлең



«Мазасыз минуттар»

Алло… Алло…
Тыңдап тұрмын…
Иә, мен…
Менмін деймін…
Бұл кім екен?
Кім деймін?…
Сөйлесеңші, сонша неткен ұяң ең,
Не дерімді, не етерімді білмеймін…

Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін,
Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?!
Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін?
Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің?

Тым құрыса тыныштық бер жаныма,
Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?!
Жазалауың басталды ма тағы да,
Мазалауың аз болғандай бұрын да…

Құдай үшін… бір естіртші үніңді,
Ең бірінші және, бәлкім, ақырғы.
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой шыныңды,
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой атыңды.

Сүйесің бе?
Сүйсең соны білдіріп,
Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
Төле десең, берем қаламақыңды…

((Періште ме, пері ме, әлде, пенде ме?!
Бітпейтұғын болдың-ау сен бір уайым)).
…Телефонның трубкасын кеудеңе
Қоя тұршы…
Жүрегіңді тыңдайын!..
Авторы: Алмас Темірбай

18 пікір

User
Дауыс нэзік екен) +1 күшті қыздың дауысына сындым кім екен а???
Abylai
Дауысэээ ооох дауысээээ, сындым
Ais_97
дауысың күшті екен, жарайсың!
Chimaq
Ozim oqyp jayrmyn...:):)
qyrmyzy
Қазір жіберемін сізге, кішкене күте тұрыңыз. рахмет:)
miras
не деген ұйқастық соңғы куплетінде
pari
Жақсы щыққан. Бірақ барлық куплеттерін тек бір сарынмен оқып тұр. Бір куплет сайын сөзге қарай дауыс өзгертіп эмоцияға берілгенде оданда тәуір боп шығар ме еді…
mairosh
ритм амигоо ))))
mairosh
Құдай ай мына өленнің сөздері адамды жылата ма… Өзім оқып :((((
Aidar
Ееееее телефонмен танысу ма деп калсам, даусіііін әйтсейш!
Әлеууу... Әлеууу...
Korkem
мен білем кім екенін))) күмістей сыңғырлаған үн ғой…
BARBOSSA
aknur_aka degen kiz kiwi saytina tusirgen eken. dausi ademi kiz eken. sol kiz osi saitta bar ma?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.