Virtual Piano

Медиа Центр /
Ассалаумағалейкум, Айтаберліктер!

Интернет шарлап жүріп, керемет сайтқа кезіктім. Бұл сайтта пернетақта арқылы яғни клавиштерді баса отырып, пианинода ойнайға болады.

www.virtualpiano.net
— онлайн түрде пианино ойнауға арналған сайт.


Анықтама:

Пианино (итал. pіаnіnо — жайлап ойнау немесе кішкене фортепьяно) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепьяноның бір түрі. Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800). Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы.

1.
www.virtualpiano.net
Сайтын кіреміз. Кірген мезгілде 100%-ге толып оқығанша күтеміз. 100-ге толып болғасын мынадай бет ашылады. «Enter» батырмасын басып сайттың негізгі бөліміне өтеміз.



2. Сайттың ойнау, басқару бөліміне өткенде пианино беріледі.



3. «MAIN MENU» бөлімін шерткенде пианоның «мәзірне» өтеміз.





МӘЗІР ҚЫЗМЕТТЕРІ:

1.Мәзірдің бірінші тұрған
«MUSIC SHEETS»
бөлімінің атқаратын қызметі:

Ойналатын әуенге мысал ретінде әріптердің тізбесін ұсынады. Жалпы пианино сайтына кіріспе десекте болады.

2. Мәзірдің «KEY ASSIST ON» бөлімін шертсеңіз пианиноның тетіктерінің үстінде клавиштің қандай әріп-сандарымен ойнауға болатындығын айқындап, пианино тетіктерінің үстіне әріптермен сандарды көрсетіп қояды. Суреттегідей...



3. «CHANGE STYLE» бөлімін шертсеңіз пианиноның түсін өзгертуге болады. Яғни қалаған түсіңізді қойып алып, ойнай беруге болады. Суреттегідей...



4. «RECORD KEYS» бөлімін шертсеңіз, суреттегідей шағын бөлім ашылады.



Яғни сіз жазған дыбысыңызды записке жазасыз да, онлайн тыңдайсыз. Яғни тетіктерді басып ойнап болғасын суреттегі «PLAY SONG» дегенді шертесіз. Сонда жаңағы ойнаған әуеніңізді тыңдай аласыз. Және қандай әріптерді басқаныңыз мынадай болып көрсетіледі.


5. Және "? " белгісімен тұрғанды шертсеңіз...



Мынадай терезе ашылады яғни «түсіндірмелік».



Осы терезедегі «KEYBOARD MAP» дегенді шерсеңіз мынадай терезе ашылады...



Бұл жерде өздеріңіз көріп отқандай пианиноны ойнату үшін пернетақтаның қай тетігін басу керектігі толықтай көрсетілген.


Бар болғаны осы. Біздің пианино сатып алуға немесе арнайы залға барып пианино ойнауға біріміздің уақытымыз болмаса біріміздің қалтамыз көтермей қалуы мүмкін. Сондықтан үйде отырып-ақ пианинода ойнай беруге болады. Бұл уақыт өткізуге немесе ойнап отырып ән айтуға тамаша мүмкіншілік. Сондықтан сайтқа кіріп, көңілдеріңізді бір көтеріп алыңыздар, достар!

11 пікір

pari
Кейін Камтазиямен түсіріп, видеосын саламын:)))
pari
Сайтқа кіріп күйсандықта ойнадыңыздар ма, достар?
Ais_97
ИЯ ОЙНАЙМЫЗ, РАХМЕТ КӨП-КӨП!
User
ИЯ ОЙНАЙМЫЗ

Айдааа Пари!
User
Мықты еңбекпен істелінген құсық)
User
октаваның не екенін білесің бе өзің?

Сосын пианиноның дауысы ұяң естілмейді.Өтірік сөзден сөз тудырып.

Айта кетсек, пианино үй жағдайында және дайындыққа арналған.Олда 7 октавалы

Ал форте-пиано бұл концерттік дауысы әдемі естілетін механикасы сырттан көрінетін әсіресе төменгі(низа) сы жақсы.Сондықтан музыка туралы жазбас бұрын үлкен ойланыш керек)
pari
қанша деген Жұбановта грантта оқып жатсыңғо. Музыка туралы айтуың дұрыс шығар, амиго:)))
User
келесіде 3-4 вкладка ашып қойып пост жазарсың мүмкін?!
User
Бар болғаны осы. Біздің пианино сатып алуға немесе арнайы залға барып пианино ойнауға біріміздің уақытымыз болмаса біріміздің қалтамыз көтермей қалуы мүмкін. Сондықтан үйде отырып-ақ пианинода ойнай беруге болады. Бұл уақыт өткізуге немесе ойнап отырып ән айтуға тамаша мүмкіншілік. Сондықтан сайтқа кіріп, көңілдеріңізді бір көтеріп алыңыздар, достар!

Үй жағдайында комппен отырып шын пианиноның ісін істейтін сайтта ойында жоқ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.