Н. Керменбаев - Есіңде ме (сөзімен, жүктеу)

Медиа Центр /
Жақында «Еларна» телеарнасынан «Жарайсың» атты бағдарламадан Нұржан Керменбаевпен кездесу өтіпті. Сол жерде Нұржанның жаңа бейнеклипі көрсетілген. Әннің аты — Есіңде ме… Кеше сыныптастарымнан білдім сол ән туралы, жақсы өлең деген сөзді естіген соң бүгін Еларнаның мұрағатынан «Жарайсың» бағдарламасының Н.Керменбаевпен өткізген сұхбатын көрдім. Ән өзіме ұнады. Сүйікті әндер қатарына әлі кіре қойған жоқ. (Менің альбомымда)… Екінші шумағының басы түсініксіз.Ол өлеңді ғаламтор бетінен таппадым. Ақыры өзім бір нәрсе қылып, сол өлеңді ғаламторға шығардым.Сол әнді сіздермен бөліспекпін… Алдын-ала сіздерден кешірім өтінемін. Екінші шумақтың сөздерін дұрыс түсінбедім, даже бір жолын тастап кеттім… Егер сол жерін анық түсінсеңіздер, өтініш, пікір ретінде айтып қалдырыңыздаршы

Сөзі:

Есіңде ме арайланған махабаттың таңы
Есіңде ме алау арман сол бір шақтың әні
Кешір деме сен емес өткен күнге кінәлі
Бала едік біз әлі, тосын келді тағдырдыңның ызғары
Жаным-ау зулаған түндер жалғар емес үмітті
Сонда да жалықпаймын сұраудан

қ-сы

Есіңде ме сол бір күндер
Есіңде ме сол бір түндер
Сол күндер жалындаған
Сөз бергенің жаным маған


Есіңде ме, сары алтынға боянған күз бағы,
Есіңде ме, сол алтынға шомылдық біз де тағы.
Есілге ме, жағалауға қайта оралшы жаным
Көңілім мұзады, жабырқады, жүрегім сыздады
Жаным-ау, сертіңді берген қалай ғана ұмыттың
Тек сенен жалықпаймын сұраудан

Жүктеу

6 пікір

AKA
Иә, бағдарламадан көрдім. Жақсы, әсіресе әуені ұнады.
Sabions
рахмет пікіріңізге. ана -1ді көріп көңілім түсіп кетті… бекер жазған екем деп
AKA
Мен қойды деп қапаланбаңыз, минусты әлі ешкімге қоймадым. Сеніміңізді арттыру үшін +1 қояйын.
Sabions
жо АКА сізге сенемін ғой…
AKA
сулаған
зулаған
AKA
Есіңде ме? Сары алтынға боянған күз бағы,
Есіңде ме? Сол алтынға шомылдық біз де тағы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.