Ornella Vanoni - L'Appuntamento | Есімнен айырған өлең

Медиа Центр /
Ән өнері тамаша нәрсе ғой. Қазақтың домбырасы жаным болғанымен, кейде батыстың классикасынан да ләззат тауып, шабыттың құрсауында кетесің. Өзіме батыстық музыка әлемінен итальяндық әуендерді орындайтындар ұнайды.
Андреа Бачелли, Адриано Челентано, Сара Брайтман т.б ұмытып тұрмын. Бір, бар сезімін қосып айтатын әуендер қай ұлтта болса да бар. Андреаның Бэсамэ мучосы мен Вива Пер Лейін қалай жақсы көретінімді менімен караокеге барғандар білер (Иә, иә! Бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы айтатын болыппын).
Не айтқым келіп отыр еді?! Иә, өткееенде бір фильм көріп едім. Сол жерде жігіт полицей қызының үйінен терезеден секіріп кетіп бара жатқан жерінен «Warner Bros. ұсынады» деген жазудан соң бірден басталатын бір әуен бар еді (Оушенның 12 досы). Кейін өлең де фильм де түгел есімнен шығып кеткен. Бір апта алдын әлгі әдемі әуеннің алғашқы 5 секунды есіме түсіп тыңдағым келгені соншалық интернеттен әбден іздедім. Сондағысы, құдай ұрғанда жаңағы фильм де есіме түспейді ғой. Итальян классикасының көп бөлігін ақтарып ештеңе таппай қойдым. Ну, құмар енді сұмммдық жеп барады. Сонымен, бүгін таңертең тұрып, қайтадан қайда естігенімді есіме түсіре алмай әлекпін. Бір кезде, әлгі кинода ойнаған қыздың бейнесі(суретте) есіме түсіп кетті. Интернеттен оны тауып алып, ол арқылы фильмді тауып, фильм арқылы осы өлеңді таптым, әйтеуір. Қуанғанымды-ай:)) Таңертеңнен бері ұялыға басып алып әлі тыңдап жүрмін.
Бұдан шығатын мораль немесе моральдар: Қажетті де қалаған нәрсеңізді іздеуден тоқтамаңыздар. Міндетті түрде табасыздар. Екіншіден, түнгі ұйқының режимін дұрыстаңыздар, таңертең өөөте тамаша эффекті болады екен. Рахметус:)
Ал, енді өздеріңізге деген мені ғашық еткен музыкалық сәлемдемемді қабыл алыңыздар!

7 пікір

pari
ыыы италия әндерін жек көрем. Ұнамайды маған. Өйткені, сөздерінің соңына лдо-мо-мо-ко-ло сөздерін қосып айтады. өйткені тілдері сондай. Құлаққа жағымсыз.
Осы мына өлеңді кім біледім жәйлап басталады «рома бреминә бәәк. рома биоминәә бәәк» деп жай дауыспен басталады.Осы әнді тауып берсеңіздер.Менше осы әнде италян әндерінің біір сияқты.
jonny
Жаман емес, фильмде сондай
alikona
маған да осылардың, то есть итальяндықтардың тілдері әсіресе өлеңдері қатты ұнайды!
мында
korwinin_kyzy
лібәәәәәәәәә
Zhanat
сен мындай өлең тыңдайтын адамға ұқсамайсың))
Jako
Тамаша өлең.
Aidar
Кино фонына жақсы муз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.