Тележурналистика курсына қабылдау басталды

Медиа Центр /
Алғашқы қазақстандық тәуелсіз Журналистика мектебі тележурналистика курсына қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

MediaSchool – еліміздің шынайы медианарығына бейімделген журналистика және PR Мектебі.
Тележурналистика курсы тележурналист шеберлігін меңгергісі келетіндерге, бірақ тележурналистика саласына қажетті тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Оқу қазақ тілінде жүргізіледі.

Оқу барысында студенттер Қазақстанның тележурналистикасы туралы жалпылама мәлімет алып, сюжеттер мен бағдарламалар құрылымын зерттеп, әр түрлі форматта сюжет, бейнематериал дайындауды, ақпарат көздерін тауып, экранға ақпаратты сәтті шығару әдістерімен танысып, телевизиялық жаңалықтар сюжетін жасауды үйренеді.

Тележурналистика курсына қабылдау 2013 жылдың мамырының 1-не дейін жалғасады. Сабақ 2013 жылдың 2 –мамырында басталады. Оқу ақысы айына – 25 000 теңге.

Курстың оқу мерзімі –2 ай. Дәріс сейсенбі және бейсенбі күндері кешкі уақытта жүреді.
Қосымша ақпаратты топ үйлестірушісінен ала аласыз: Рысгүл Рамазанова, +7 727 261 66 69, +7 778 907 16 08, [email protected]

P.S: Курстың пайдасы тиетіндігіне сенімдімін

2 пікір

naimankyzi
Медианет өте жақсы курс. Өзім бірінші, екінші жылдары оқи алмай, кеш оқып қалдым. Қазір соның арқасында телеканалда жұмыс істеп жатырмын! Кеңес етемін!
ZevsKO
рас айтасың! Мен де қазіргі жұмысымды Медиамектептің арқасында таптым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.