"Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013" форумы төртінші рет өтеді

Медиа Центр /
Қадірлі достар, сіздерге Алматы қаласындағы «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2013» форумы өтетіндігін хабарлаймыз.
Интернет-форум Алматы қаласында 2013 жылдың 23-24 мамырында «Достық» қонақ үйінде (Құрманғазы к-сі 36, Қонаев к-сі қиылысы) өтеді.

Форумға Германия, Грузия, Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары қатысады.

Форумға онлайн-тіркелу жалғасуда. Шараға қатысу тегін. Егер сіз форумға қатысқыңыз немесе журналист, блогер ретінде тіркелгіңіз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз.

Форумның алғашқы күні конференция түрінде өтсе, екінші күні сарапшылар екі қатарлы сессия айналасында мастер-кластар өткізеді. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Форумның негізгі тақырыптары «Интернет желісі аясындағы мемлекеттік саясат», «Ғаламтордағы сөз бостандығы мен жеке өмірді қорғау», «Желідегі ақпараттарға қол жеткізу», «Электронды үкіметтің дамуы», «Интернет журналистика», «Интернет-құралдардың тиімді коммуникациядағы рөлі», «SMM және блогинг», «Интернет-жобалардың монетизациялануы», «Интернет-сатылымдар» және т.б болмақ.

Шарадағы сарапшылар қатарында ЕҚЫҰ Өкілдігінің БАҚ бостандығы мәселелері бойынша бюросының директоры — Андрей Рихтер, журналистерге құқықтық тұрғыдан көмек көрсету орталығының құқықтық сарапшысы, РФ Қоғамдық палатасының консультанты — Борис Пантелеев, Литвадағы Журналистер Одағының төрағасы — Дайнюс Радзявичус, «Стоп цензуре» журналистік қозғалысының белсендісі Наталья Соколенко бар.

Сонымен қатар, «Айтабер» сайтының админі Садық Шерімбек, «AppleSinn» техникалық көмек көрсету және бағдарламалармен қамтамасыз ету орталығының Бас директоры-Нұрлан Құлымбетов баяндама оқитын болады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад
Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Барлық сұрақтар бойынша MediaNet ХЖО жоба және PR үйлестірушілері Василина Ворковаға ( [email protected] ) және Дінмұхаммед Зиядинге ( [email protected] ) сонымен қатар +7 727 261 66 69, 261 27 90 телефондарына хабарласыңыз.

4 пікір

qarasaqal
Барамын, барамын :) Йахууууууу :) Интернееееееет :)
ZevsKO
Сені көретініме қуаныштымын
Соңғы өңделген уақыты:
SaboniS
мяяя, барғым кеп тұр
ZevsKO
Менің де бәріңді бәріңді кқргім кеп жүр :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.