Комиссиясыз терминалдар бізге де келді

Медиа Центр /
Комиссия алмайтын терминалдар бізге де келді. Алдағы айдан бастап, Kaspi Bank еліміздің ірі қалаларына 5 мың төлем терминалдарын орнатады. Бұл терминалдардың ерекшелігі — ұялы телефон т.б төлемдерге комиссия алынбайды. Яғни 200 теңге салсаң, 200 теңге түседі. Орта жолдан 30 теңгені жымқырып қалу жоқ. Алғашқы 100 терминал алдағы айда Алматының көшелерінде, суда орындарында т.б жерлерде пайда болады. Банкке бұдан не пайда деген сұрақ туындауы мүмкін. Банк бұл жерде табыс табуға ұмытылып отырған жоқ. Банк үшін пайда: тұтынушылар несиелерін төлеу үшін банк филиалдарына кезекке тұрып әуре болмайды. Терминалдар көшелерде, дүкендерде орналасатындықтан күндіз-түні төлеу мүмкіндігі бар. (Терминалдар несие,, ұялы төлефон, коммуниалдық қызмет түрлерін т.б қабылдайды). Ең басты мақсаты — тұтынушыларға қолайлы жағдай жасау.

14 пікір

korwinin_kyzy
Шынынды айтшы:? «КАСПИЙ БАНК ТҰРҒАНДА БАСҚА БАНКТІ ҚАЙТЕСІЗ» деп тұрсынго а?
yesbolat83
Жақсы жаналық екен,
AL-ASTER
Бұл жаңалық маған да ұнады. Өнеркәсіп қарқынының дамуы төмен деңгейдегі мемлекеттегі банктердің жасап жатқан түрлі маркетингтік жолдары ұнайды.
Несие пайызы көп деп айтпас үшін, халыққа нақты өнеркәсіппен айналысу керек екені ақиқат. Зауыт/фабрикалар көптеп қажет т.с.с.
korwinin_kyzy
Менікі жай ой го ашейн менде тауықтын миындай ми жок керек болса) сол Айтайын дегеним бұл тек Каспий банктын клиенттерине емеспе? Каспий банктен кредит алат жанагы, сол өзінін банке берген акшасынан өзіне единитс алатта мәз болып жүрет сол айтаын дегеним, егер қате болса айтып айтып таста ішіне ұстам зиян деватр )))))))) каспий банктин рекламасын деген ой туындап жатыр ))))
AL-ASTER
Бауырым, менің пікіріме тірелмей әрі ойнаш. :)
korwinin_kyzy
Кешіріп қойын Тақсыр
AL-ASTER
Рақмет! Творчестволық табыс тілеймін!
Erbol
korwinin_kyzy, бұл тек клиенттерге ғана емес. Кез-келген адам пайдалана алады.
korwinin_kyzy
Сол кез келген адам каспий банктын клиенти болып кетпесине ким кепіл?
tolebi
Тиындарды ұрламағанымен, несиеге басыңызды тығып пәлеге қалдырмақшы десеңдерші
Erbol
tolebi, банк адамның басын несиеге тығуды мақсат тұтпайды. Несиені алу, алмауды әркім өзі шешеді.
korwinin_kyzy
Каспий банктің құлы болып кетіп жүрмендер))))
Jako
Қандай сауда орыны өзіне пайдасы жоқ дүниені дүкеніне қояды, соған түсінбедім.
Erbol
Жоқ,Jako дүкенге пайдасы бар.Терминалды қоятын орында жалға береді. Пайда содан табады. Ал, банк үшін пайда ұзақ-сонар кезектен арылады, клиенттер несиесін күндіз-түні, кез-келген уақытта төлей алады. Бұл клиенттерге де пайдалы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.