Депозит ашу жеңілдеді

Медиа Центр /
kaspi bank-те депозит ашу үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. 16 шілдедін бастап біздің банкте депозитті кассадан-ақ аша аласыз.

Клиент үшін не өзгерді?

Бұрын
-Менеджерге жету үшін 30-40 минут кезекте тұратынсыз
-5-7 минут депозит ашуға кететін
-10 минут кассаға кезекке тұратынсыз

Енді
— 7-10 минутта кассадан-ақ депозит аша бересіз

Кассада теңгемен және валюталық салымдар сала аласыз. Бұл қызмет алдағы 10 күнде еліміздің барлық аумағында іске қосылады.

Бұл өзгеріс біздің клиенттерге ұнап жатқаны сөзсіз. Қазіргі кезде кассада ашылған салымдардың орташа көлемі – 800 мың теңге.

Kaspi bank бұған дейін депозитті алуды жеңілдеткен болатын. Мысалы: бұрын депозитіңізден бір филиалдан 500 мың теңге көлемінде ғана ала-алатынсыз. Одан жоғары алу үшін тағы бір филиалға бару қажет еді. Әрі филиал бастығының қолы керек болатын. Қазір ешкімнің рұқсатынсыз, филиалға хабарласып, ескертпей-ақ, бір филиалдан 1 миллион теңгеге дейін ала-аласыз.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.