Kaspi bank халықтың қаржылық сауатын арттыруға көмектеседі

Медиа Центр /
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі баспасөз мәслихатында айтылды.
Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы мен Kaspi bank бірлесіп «Қаржы туралы ақпарат» деп аталатын науқан ұйымдастырады. Бұл бағытта кеше арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Біз халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруде шетелдік озық тәжірибелерге сүйенгіміз келеді. Онда басты назар ең алдымен жастарға аударылмақ», — дейді «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлмира Арбабаева. Ал «Kaspi bank» АҚ-ның басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, орнықты банк жүйесінсіз күшті экономика болмайтыны сияқты, қаржылық жағынан сауатты клиентсіз банктердің тиянақты дамуы мүмкін емес. Сондықтан да бұл жобаның үлкен әлеуметтік маңызы бар.
Екі тарап жыл сайын 20-қарашаны «Қазақстандағы қаржылық сауаттылық күні» деп жариялауды ұсынып отыр.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!