Қаржы тақырыбында жазатын жас журналистер клубы ашылды

Медиа Центр /
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистер клубы ашылды.

Қазіргі кезде қаржы, экономика тақырыбында жазатын журналист, блогшылардың тапшылығы байқалады. Ал, халықтың қаржылық, экономикалық тұрғыда сауатын арттыру үшін ең алдымен БАҚ-ы қаржы тақырыбын сауатты көтеру қажет. Бұл ретте біз жас журналистердің қаржы, экономика тақырыбын меңгеруіне көмектесуді жөн көрдік. Жас журналистер алғашқы тырнақалды мақалаларын арнайы ашқан блогтарында, үздіктері БАҚ-да жарияланатын болады.

Жас журналистер клубының отырысы айына 2 рет өткізіліп тұрады. Онда клуб мүшелері түрлі банктердің өкілдерімен, қаржы сарапшыларымен кездесіп, арнайы дәрістер тыңдамақ. Жас журналистердің қаржы тақырыбын меңгеруіне «kaspi bank» АҚ сарапшылары қолдау білдіріп отыр.

Клубтың ашылуына «Түркістан» газетінің тілшісі Нәзия Жоямергенқызы, «Жас қазақ» газеті экономика бөлімінің тілшісі Гүлзат Нұрмолдақызы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

2 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.