kaspi bank өрттен зардап шеккен клиенттерінің несиесін өтеді

Медиа Центр /
Алматының барахолкасындағы бірнеше мәрте болған өрттен көптеген адамдар зардап шеккені мәлім. Кейінірек белгілі болғандай олардың 4-і kaspi bank клиенті болып шықты.

-Болған қиын жағдайға қарамастан біздің клиенттеріміз несиелерін ай сайын мерізімінде жауып тұрды-дейді kaspi bank-тің басқарушы директоры Бақытжан Өмірзақова. – Біз қарым қатынасымызға жауапкершілікпен қарайтын клиенттерімізді бағалаймыз. Сондықтан оларға алғыс айтқымыз келеді, әрі өз тарапымыздан олардың несиесін өтеуді шештік.

kaspi bank өрттен зардап шеккен клиенттерінің өз қаражаты есетінен өтеуді шешті және басқа банктерді де өрттен кейін қиын жағдайда қалып, мүлкінен айырылған клиенттеріне қамқорлық көрсетіп, қолдау білдіруге шақырамыз.

2 пікір

semser_soz
Жақсы бастама екен… Банк тарапынан базардағы өрттен зардап шеккен жандарға жасалып отырған бұл үлкен қамқорлық!!! Бірақ, менің ойыма бірінші келіп отырғаны: «Несие алған клиенттердің өтелмеген ақшасы аз қалған шығар». Қате де шығар, бірақ.................
Erbol
semser_soz cәлеметсіз бе! 4 клиент. Әрқайсысының алу мерізімі, несие көлемі әртүрлі екенін ескерсек аз ақшасы қалған шығар деп ойлау… Біреуінікі аз қалуы мүмкін, біреуінікі көп. Басты мақсат — көмектесу болды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.