kaspi bank "АРК Баланс" ЖШС еншілес компаниясын құрды

Медиа Центр /
kaspi bank проблемалы қарыздармен жұмыс жүргізу үшін «АРК Баланс» ЖШС еншілес компаниясын құрды. «АРК Баланс» еншілес компаниясы банк клиенттерінің 90 күннен астам төлемеген несиелерін, төлемдерін сатып алады.
— Банктердің проблемалы қарыздарды сатып алатын компаниялар құруы – үздік халықаралық тәжірибе, — дейді kaspi bank-тің Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. – Біз тәуекел-менеджментті үнемі жақсартып отырамыз және өзіміздің несие портфеліміздің сапасына аса назар аударамыз. Соған байланысты проблемалы қарыздардың портфелін басқару жөнінде еншілес компания құруды шештік. Бұл проблемалы қарыздармен тиімдірек жұмыс істеуге көмегін тигізіп қана қоймай, проблемасы бар клиенттерге қаржылық жағдайын жақсартудың түрлі баламаларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Банктік заңнамаға сай проблемалы қарыздар «күмәнді» және «үмітсіз» болып жіктеледі. Халықаралық тәжірибеге сай мұндай несиелер есептен шығарылады немесе мамандандырылған компанияларға сатылады. Бұл тәжірибе банктерге несие портфелінің сапасын және бизнестің ағымдағы жағдайын барынша дұрыс көрсетуге мүмкіндік береді.

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.