kaspi bank-тің клиенттері мен серіктестеріне үндеуі

Медиа Центр /
Құрметті Каспи Банктің клиенттері мен серіктестері!
Соңғы кездері қазақстандық банктерге қатысты шиеленіске жайттар көбейіп кетті. SMS-хабарламалар арқылы таралып жүрген мұндай қауесет әңгімелер халықтың, әсіресе, депозит ұстаушылардың дүрлігуіне әкеліп соқтырады, салдарынан коммерциялық банктердің қалыпты жұмысы қиындай түседі.
Аталған жағдайдың елімізде орын алған, халықтың сеніміне нұқсан келтірген девальвациямен тұспа-тұс келуі де тегін емес. Алайда девальвация мен коммерциялық банктердің жұмысын бөлек-бөлек қарап, туындаған жағдайға тереңінен үңілу керек.
Аталған жағдай арандатушылық sms-хабарламалардың салдарынан ушығып отыр, оларды жіберушілер де белгісіз әрі оларға сенуге де негіз жоқ.
Соған байланысты Kaspi Bank-тің менеджменті мен акционерлерінің атынан Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким елімізде болып жатқан жағдайға қатысты өз позициясын ұсынып отыр.
1. Қазақстанның банктік нарығындағы бұл тұрақсыздық бірінші рет орын алып отырған жоқ. Осы уақытқа дейінгі қызмет барысында бай тәжірибе жинағанымызды, Kaspi Bank-тің өз міндеттемелерін үнемі орындағанын әрі клиенттерінің мүддесін қашан да толық қорғап отырғанын мақтан етеміз.
2. Kaspi Bank клиенттерінің қажеттіліктерін толық көлемде орындап келді, орындап жатыр әрі келешекте де орындай бермек. Атап айтқанда бүгінгі күні еліміз бойынша біздің банктің бөлімшелеріне әдеттегіден қарағанда, 5 есе көп қолма-қол ақша жеткізілді және клиенттерімізге қанша керек болса, сонша жеткізіледі.
3. Kaspi bank – барлық банктерден гөрі ұзақ әрі көп жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз банк. Клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін аптасына 7 күн сағат 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істейді.
4. Егер клиенттеріміздің бірі банкпен орнатқан қатынасын мерзімінен бұрын тоқтатқысы келсе, біз олардың талабын белгіленген тәртіппен барынша қысқа мерзімде қанағаттандырып береміз.
5. Kaspi Bank-тің акционерлері айтарлықтай ресурстар мен активтерге ие және қажет болған жағдайда бұл ресурстарды клиенттердің қажеттіліктерін орындау үшін толық көлемде беруге дайын екенін ресми хабарлайды.
6. Барлығы 3.7 миллиард АҚШ долларынан астам капиталы бар Baring Vostok Capital Partners инвестициялық қоры kaspi bank-тің инвесторы болып табылады.
7. kaspi bank-тің атына айтылған, оның іскерлік беделіне кір келтіретін кез келген мәлімдемелер жалған, арандатушылық ақпарат болып табылады әрі жосықсыз бәсекелестіктің ғана көрінісі.
8. Біз жақын уақытта нарықтағы ушыққан жағдай басылады деп ойлаймыз және біздің өзіміздің адал клиенттерімізбен бірге дамудың жаңа белесіне абыроймен көтерілетінімізге нық сенімдіміз.
9. Біз, Михаил Ломтадзе, Вячеслав Ким, kaspi bank-тің менеджменті мен акционерлері ретінде, барлық клиенттерімізге kaspi bank-тің бірде-бір клиентінің сеніміне нұқсан келтірмейтінін және өзінің міндеттемелерін толықтай орындайтынын растаймыз.
Банктің табысты жұмысының көпжылдық тарихы, Қазақстандағы жетекші әрі ең ірі жекелеп сататын банк ретінде оның жетістіктері, және біз – өзінің клиенттерімен әрдайым ашық сөйлесетін адамдар – осының бәрі мүдделеріңіздің толықтай сақталып, қорғалатынына кепілдік болып табылады.

Құрметпен,
Басқарма Төрағасы
Михаил Ломтадзе

Директорлар кеңесінің Төрағасы
Вячеслав Ким

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.