Қазақстандықтар қаржылық сауатсыз

Медиа Центр /
«Экономикалық сауаттылықты арттырудың халықаралық қоры» мен kaspi kank «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы аясында қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы туралы жалпыұлттық зерттеу жүргізіп, кеше қорытындысын жариялады.
Зерттеуден белгілі болғандай әрбір үшінші қазақстандық артық қаражатын «жастықтың астында» сақтағанды жөн көреді. Отандастарымыздың әрбір екіншісі салымдардың қауіпсіздігіне мемлекет кепіл беретінін білмейді. Тек 10 адамның 1-і ғана қаражатын банкте жинайды. Отандастарымыздың 40 пайызы жанұялық бюджетінің есебін жүргізбейді. Нәтижесінде әрбір екінші адам ай соңында ақшасыз қалады. Мұндайда көпшілігі үнемдеуге, таныстарынан қарызға ақша алатынын айтқан. Ал, 7 пайызы банктерге несие алуға жүгіреді екен.
Сұралғандардың 43 пайызы банктердегі депозиттің сақтандырылғанын білмейді және түгелге жуығы (білетіндер 6%-ақ пайыз), мемлекетпен кепілдендірілетін шекті соманың мөлшерін білмейді (5 миллион теңгеге дейін). Сарапшылар халықтың бұл ақпараттан хабарсыз болуы жалған SMS-хабарламаның салдарынан дағдарыстың тууына әсері болды дейді.
Brif Research Group және TNS Gallup компаниялары жүргізген зерттеуге Қазақстанның 14 облысынан 1200 адам қатысқан.
Еске сала кетейік, қаңтар айында kaspi bank «Қаржы мәдениеті» ағарту бағдарламасына 1 миллион доллар бөлген болатын. Бұл қаржы қазақстандықтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған түрлі жобаларды қолдауға бағытталған инвестиция болмақ.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.