Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

Медиа Центр /
Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған.

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.