"Таңғы қала" Дәурен Сейітжановтың орындауындағы әннің сөзі

Медиа Центр /
Көруге көздер ашық,
Сезуге көңіл де ояу.
Түнімен ұйқы қашық,
Қалғанда таңға таяу.
Ақырын есікті ашып,
Төменге түстім баяу.
Асықпай анық басып,
Көшеге шықтым жаяу.
Оянды ерте қала,
Асығып суыт жандар.
Тыныққан ой мен сана,
Жүгіріп шыныққандар
Оянды ерте құстар
Және де терек, талдар.
Оятты біреулерді
Тірлік пен себеп-салдар.
Қайырмасы:
О,қала! Ол біздің әсем қала.
Төзімде тағат бар ма,
Өмірлік сұрақтарға
Өзіңде жауап бар ма.
О,қала! Ол біздің ару қала.
Сөзіме үн қатпаған
Жай күйің жұмбақ маған
Сырыңды кімге ақтарам?


Шамдардай шағылысқан,
Сандардай жаңылысқан
Қозғалып әрлі-берлі
Көліктер ағылысқан.
Сеңдердей соғылысқан,
Жандардай сағынысқан.
Жан-жаққа бара жатыр
Адамдар сабылысқан.
Қайырмасы.

2 пікір

Moldir_96
Керемет ән! Маған қатты ұнады) +1
Sabions
Түнімен ұйқы қашық
қашып
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.