Алматының прокуратурасы ірі контрабандалық қылмысты әшкереледі

Медиа Центр /
Алматы қаласының прокуратурасы мен кедендік бақылау Комитетінің қызметкерлері бірлесіп атқарылған шараларының нәтижесінде ірі экономикалық контрабандалық қылмысты әшкереледі. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын мөлшері жарты миллиард теңгені құрайды.

Қытай Халық Республикасынан келе жатқан «S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үш автокөлігіндегі жүктерді тексеру кезінде кедендік декларацияда көрсетілген тауарларға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Жүк автокөлігінде декларацияға сәйкес, 5 млн. теңгені құрайтын полиэтиленді пакеттер, картон қорапшалары, фотоальбомдар көрсетілген. Алайда тексеру барысында жалпы сомасы 35 млн. теңгені құрайтын тұтынатын тауарлар, дәлірек айтқанда, қымбат киімдер мен әртүрлі «Zilli»,«Nike» және т.б. маркалы аяқ киімдер анықталды.

«Аталған факті бойынша биылғы 11 қыркүйекте прокуратура ҚР ҚК-нің 209-бабы 2-бөміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды» — деп хабарланады. Күдікті серіктестікке 9 жүк автокөлігі тиесілі, олардың бәрі тексеріліп жатыр. «Сонымен қатар, тексеру кезінде Алматының кеден органдары қызметкерлері жүк көліктерінің уақытша сақтау қоймасына келгені туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды», — деп хабарланады. Бұл факті бойынша Алматы қаласының кедендік бақылау Департаменті қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307 және 314 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалады.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.