"Қазақ барда, қазақ тілі барда қазақ тілді блог тұғыры дами түспек"

Медиа Центр /
Кеше, яғни қарашаның 14-і InterContinental Almaty қонақ үйінде медиақұрылтай өтті. (Құрылтай туралы нақтырақ деректі осы жерден біле аласыздар) Құрылтайдың басты мақсаты: интернет журналистиканы дамыту, материалдың қауіпсіздігі және блогты бизнеске айналдыру жолдары. «Блоггинг: соңғы беталыстар мен нарықтың алдына қойылған міндеттер» атты бөліміне еліміздегі осы салаға еңбек етіп жүрген елге танымал Айдос Сарым, Асқат Еркімбай, Бақытжан Бұқарбай, Асқар Базарбай, Бекежан Кембаев сынды тұлғалар өз пікірлерін ортаға салды.

Медиа Центр: Қазақ барда, қазақ тілі барда қазақ тілді блог тұғыры дами түспек
Медиа Центр: Қазақ барда, қазақ тілі барда қазақ тілді блог тұғыры дами түспек

«Блог дегеніміз не, блогер дегеніміз кім, кез-келген интернет қолданушы блогер бола ала ма?» сынды сауалдар ортаға алынды. Гонзо.кз блог-платформасының бас редакторы, Бақытжан Бұхарбаев: «Алдымен қазақ тілді блогерлерді көбейтіп, дамытуымыз керек. Сонда орыс тілді аудитория қызығып, солардан ақпарат алатын болады» деген пікірді алға тартты. Ал, «Мінбер» Журналистерді қолдау орталығының директоры орынбасары, журналист, блогер, Асқат Еркімбай: «Біз дамыған елдердің блогтық жүйесінен керек ақпаратты алғанымыз жөн, бірақ, ол позицияны сол күйінде алып келіп өзіміздің елімізде қолдана алмаймыз, біз олай алға баспаймыз. Біз блоггингті ұлттық тұрғыда дамаытуымыз керек» деген пікірді ортаға ұсынды.

Құрылтай жоғарғы деңгейде орын алды. Әрбір қатысушы өздеріне керекті ақпаратқа қол жеткізіп, жаңа бағыттағы даму жолдарын игеруге бір табан жақындады. Ендігі міндет: күн санап интернет қолданушылары көбейіп келе жатқандығын ескеріп, ондағы ақпарат ағымын да сол интернеттік формаға сай етіп даярлау. Техниканың дамыған кезеңінде қалтамыздағы смартфон телефонының мүмкіндігін мейілінше игергеніміз де өзімізге артық етпес. Бұл техниканың дамығандығының және болашағымыз интернетке тәуелділігіміздің айғағы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.