Блог

Жоқ. Мына блог менің постымның тақырыбын әлдеқашан иемденіп алыпты. Ал, керек болса! Қарап тұрамыз ба? Біз де қарап қалмай, оның атауын тартып алдық. Құда да, құдағи да тыныш.

Ал, Сіздер, кешіріп қойыңыздар, оқырмандар. Тәрелкелеріңізге топырлап түсе қалсаңыздар, кешегі күнді әдейлеп пайдалана отырып, өздеріңіз үшін ертең болған Мешкин амигоның оқиғасымен бөліспейін.

«Из рук в рукидің» бейсенбі күнгі №665 нөмірі қолда. «Жұмыс іздеймін» айдарын әрі бері көзбен сүзіп шығып, бастапқы бірнеше парағын алып мыжғылап мыжғылап досына лақтырып қалды. Ренжіген досының көңілін ауламақ болып:
— Мыжылған қағаздарды қалай өлтіріп мыжғыласаң да, түзетіп берем, — деп, елең еткізіп, артынша тырқылдай күліп, әрі аунап түсті. Бір қарап еді, әбден мыжғанның үстіне, бұралап тастаған қағазды көрген сайын, көзінен жастар тамып, ішін ұстай енді отырайын деген орындығынан ауып түсіп, күлкіден езуі былай тұрсын, аузына ие бола алмай домалайды келіп. Атып тұрып, ішін ұстаған күйі мыжылған қағазды іліп алып, сыртқа жүгіріп шықты.
— Қайда шығып келдің?
— Ұлы идеялар туындайтын жерге барып, біраз пәлсапалық ойларымды таста-а-а-п келдім...

Бұл жолғы жұмыстар да ұнамады. Көңіл қалаған бір жұмыс жоқ, болса да жалақысы мардымсыз. Жалақысы жоғары жұмыстар қолдан келмейді...

Тьфуй! Жазып қойғанын қарашы-ей!!! Басқа бірдеңе табылмады ма? Бәленше ақпарат орталығы, сібежий спорт, асыңыз дәмді болсын сайттарынан бір мақала көшіре салып қоя салуға болмас па еді?!Сайтыңды ұрайын, тест контентің де оңып тұрғаны шамалы екен. Бастық көрсе мынауыңды, сенің ештеңең кетпейді, ал тапсырып тұрған мен, жерге кірерге тесік таппасым анық емес пе? Өшір қане.

Дайын кодтарды әрі бері сапыруда тұрған не бар? Қазіргі жастар дайын затты да дұрыс қолдана алмайды. Ех, шіркін сол бір жастық шақ. КСРО кезінде, украиндер АҚШтық компьютер мамандарымен терезесі тең деңгейде еді. Ол кезде біз студентпіз, практикаға барып қайтқанымыз бар. Кейін тіпті интернет атауы танылып, сайт жасау дегенің екілік кодтарды тарсылдатып, ассемблермен программаны да, сайтты да жасайтынбыз! Маған десе, өзім үйренген сол тілде мына құсығыңа бола өзім-ақ жазып шығар ем, амал нешік. Заман талабы бөлек…

Барып тамақтанып келгенше, мына сынақ мақалаңның көзін құрт!

16 пікір

ereke_enu
Кейін тіпті интернет атауы танылып, сайт жасау дегенің екілік кодтарды тарсылдатып, ассемблермен программаны да, сайтты да жасайтынбыз!
Үлкен кісілердің «біз кезінде» деп бастаған әңгімелері шындыққа сәл жанасса екен)
AL-ASTER
Әркім де өз жағдайына қарай ғана тұжырым жасайды дегеннен басқа айтар жоқ, амиго.
ereke_enu
Ренжіме, амиго. Сене алмаймын
AL-ASTER
Барлық программа белгілі бір алгоритммен оптимизацияланып, ассемблер (машиналық тіл немесе екілік код десек те болады) тіліне аударылатыны белгілі. Демек, бірінші бұл жерде бағдарламалау үшін бағдарламалап тұр (программирование ради программирования :) )
Екінші, бұл жерде серверлік технология басты орында. Жарайд. Кейін бір жақсы пост жазып шығам. Өзіме де бұл тақырып өте қызық. Себебі, үлкен организациялар дәл осы ассемблерді серверлік технологияда қажетті инструменттер қатарына жатқызатын көрінеді. Бастысы бұл жерде күрделілігі болмаса (шындығында оғай бірақ өте ұзақ), былайша мүмкіндігі жағынан еш кем түспейтін құрал деп білемігн.
AKA
Сәттілік!
qyrmyzy
Біздің кабинеттегі екі айтишниктің әңгімесі десем қалай болады?! ық ық
khairbek
Иттердің әнгімесі десек болады
qyrmyzy
Айтишниктердің дегіңіз келді деп ұқтым…
korwinin_kyzy
я солай отэ дурыс
korwinin_kyzy
менын новый акккаунтым! жаксы кабылданыздар)))))))))))
qyrmyzy
қыз бов кеттіңз бе? Мына аккаунты сатыңызшы а?
qyrmyzy
ой никнеймді
korwinin_kyzy
қаншаға аласыз?
korwinin_kyzy
жоқ! жай жұрттың баласына еліктеп шығарғаным ғой, ,,
bok_kotergen_boktin_kabi
Интернетсіз- дүние бос,
Интернет тұрғанда, мұғалімнен не сұрайсын?
followme_alik
.толтырылған диплом.қойылған баға.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.