Шымкент. Mega. Samsung

Заманауи Веб Технологиялар: Шымкент.  Mega. Samsung
Технологиялар саласындағы Оңтүстік Кореяның ірі өндірушісі Samsung Electronics компаниясының Қазақстан мен Орта Азия бойынша өкілдігі иннавациялық жобаларының аясында 27 және 28 шілде күні Шымкентке қонаққа келеді.

Ірі презентациялар жасауды ұнататын компания осы жазда Қазақстанды аралап, бес қаланың тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін таныстыруды жоспарлаған-ды. Алматы-Астана-Өскемен-Павлодар-Атырау-Шымкент деп жол түзеген жүк көлігі маусымның басында жолға шықты.

27 шілде күні фураны шымкенттіктер «Mega» сауда-ойын орталығының (Тәуке хан д-ы, Қонаев бульварының қиылысы) алдынан көре алады. Келген елді шоу-бағдарлама, байқаулар, диджейлер өнері және ең басты, ең маңызды дүние – Samsung компаниясының техника мен технология бағытындағы жаңа өнімдері қарсы алады.

Бір сөзбен айтқанда, бұл – әр қаланың жеке презентациясы. Шара қонақтары Samsung GALAXY S4 смартфонымен жақынырақ танысып, NX сериясының смарт-камераларын қарап, робот-шаңсорғыштарды тамашалай алады, сонымен қатар, 2013 жылы шығатын SMART TV теледидарларының ерекшеліктері туралы толығырақ білу мүмкіндігі де бар.
Тур барысында сатылған әр өнімнің 100 теңгесі мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өтетін SpecialOlympics атты мини-футбол жарысына арналады. Промо-турға келген ел арнайы жабдықталған алаңқайда осы шараға деген өздерінің тілектерін, қолдауларын білдіре алады.

Акцияның ресми сайтында (http://www.samsung.com/kz_ru/trip/) жүк көлігінің дәл қазір қайда кетіп бара жатқанын біліп отыру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, байқаулардың кейбіріне осы сілтеме арқылы өтіп қатыса аласыздар. Промо-турдың хэштегі – #samsungtour.

Келіңдер, достар, мен өзім де барайын деп отырмын, танысып, шай ішіп қайтайық:).

1 пікір

followme_alik
Компанияның маркетингі мықты-ақ :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.