Яндекс компаниясындағы қаралы күн

Бүгін Яндекс компаниясының негізін қалаушылардан бірі Илья Сегалович өмірден өтті.
Бұдан алдын Ильяның ракпен ауырғандығы және одан емделіп шыққандығы туралы хабар болған еді.
Білетін болсаңыздар, Яндекс компаниясының негізін қалаған Аркадий Волож және аталмыш Илья Сегалович екеуі де қазақстанда өсіп-өнген азаматтар. Екеуі де Алматы қаласындағы физика-математикалық мектепті бітірген. Қазақ елінен шығып Ресейдің интернет нарығын жаулаған жігіттер үшін әрине қуаныштымыз. Жалпы, бүгінде Яндекс негізінен Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь және Түркия елдерінде көптеп қолданылады. Илья аталмыш компанияда жаңа технологиялар бойынша директор қызметін атқарып келді. Осы жазда Яндекс компаниясы қолданушыларын іздеу жүйесінің жаңа сатысын ұсынамыз деп хабарлаған болатын(*толық ақпарат — www.beta.yandex.ru)
Орын алған оқиғаға байланысты Яндекс компаниясының Қазақстандағы өкілдеріне көңіл айтамыз.

7 пікір

AL-ASTER
Өзіме Яндекстің пайдасы көп тиіп жүр. Жақсы компаниялардың керекті адамдарының орыны білінеді ғой. Жаны жәннәтта болсын. Ораза айында қайтыс болыпты ғой.

P.S.: 1с негізін қалаған Рашид амиго да Алматы қаласынан шыққан болуы керек.
followme_alik
Иманды болсын.
rauan
Оның қайтыс болғаны жалған ақпарат, ол комада жатыр — деп, Яндекс айтып еді ғой.
MSHERIMBEK
Ол ақпарат осы пост жазылғаннан кейін ғана шықты. Оның үстіне Яндекс компаниясының ресми блогында Аркадий Волождың өзі айрылдық деп жазған болатын. Комада жатыр дегенмен, миында ешқандай өмір сүрудің сигналдары байқалмаған.
Jako
Топырағы торқа болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.