Сайт жасау туралы кеңес

Заманауи Веб Технологиялар /
Сайт жасамас бұрын, олардың түрлерін тізіп шығайық:
1. Сайт-визитка;
4-5 парақтан тұратын қарапайым сайт.
Компания туралы, көрсететін қызметі, өнімдер каталогы, прайс, контакт ақпараты туралы парақтары бар. Тексттік, графикалық, видео мәліметтерден құрылуы мүмкін.
Әдетте, дерек базасымен байланыспайды.
Мысалы, uart.kz полиграфияның визиткалық сайты.
2. Корпоративтік-ақпараттық сайт;
Бұл сайт интранет түрінде кездеседі. Интранет — мекеме ішіндегі желілік байланыс арқылы ғана ашылатын сайт. Мәселен, компания ішінде, оқу орындарында студенттер тапсырма алу үшін, құжат алмасу, есеп, аналитика жүргізу, бағалау, өзара байланысу, тест тапсыру үшін, тапсырмаларын электронды түрде орындау және басқа да операцияларды орындау мақсатында қолданылатын сайт.
3. Корпоративтік-имидждік сайт;
Бұл визиттік сайтқа ұқсас. Тек, үнемі жаңарып отыратын компанияның жаңалықтар тізімі жарияланып отырады, қолданушылар тіркеліп, жазыла алады.
Мысалы, inspiremedia.kz Продюсерлік Орталығының сайты
4. Интернет-дүкен;
Бұл Сізге атауынан түсінікті деген ойдамын. Қызмет, тауар түрлерінің жарнамасы, сипаттамасы, суреттік, видеолық демонстрациясы қолданушыға таныстырылып, арнайы электронды ақша, төлем карточкалары арқылы сатып алу жүйесімен жабдықталған сайт.
Мысалы, technodom.kz сайты
5. Ақпараттық сайт;
Елімізде танымал жаңалық тарату сайттары мен телеарналардың ресми сайттарын жатқыза аламыз.
Мысалы, tengrinews.kz ақпараттық сайты
6. Ойын порталы;
Түрлі компьютерлік ойындар. Интернет арқылы Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналып, ойын ойнауға болатын ареналар. Ол сайттарында түрлік топтарға қосылып, ойын барысында өз ақшаңызға виртуалды қару жарақ-сатып алуға болатын мүмкіндіктер де кездеседі.
Мысалы, tankionline.com сайты
7. Жеке жоба;
Қандай-да бір жобаны таныстыратын немесе, қандай-да бір жобаға қатысты түрлі тақырыптағы сайт. Мысалы, it-tirlik.kz жобасының сайты

8. Контент-жоба;
Бұл сайт ақпараттық сайттарға ұқсайды, тек бұл сайттың жеке журналисттері, сайтқа қызмет ететін арнайы адамдары болмағандықтан, түрлі сайттардан ақпарат көшіріп алып өздеріне орналастыр жариялайтын сайт. Көбіне, сайт оқырманын көбейту үшін, осы жол арқылы жарнама агенттерінің көзіне түсу үшін немесе басқа да себептермен жұмыс жасайтын сайттар.

9. Промо-сайт;
Қандай-да бір өнім, қызмет, акцияларды жылдам халыққа жеткізетін жарнамалық сайт.
Мысалы, нарықта жақсы нәтиже беріп келе жатқан KPS компаниясының сайты:
professionals.kz
10. Форум, сұрақ-жауап, чат;
Бұл типтегі сайттар, жылдам ақпарат алмасу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Орта есеппен, жалпы форумда сағатына бірнеше жауап, сұрақ-жауап сайтында минутына бірнеше жауап, чатта секундына бірнеше жауаптар кетіп жатуы мүмкін.
Мысалы, сұрақ-жауап жайты: surak-zhauap.kz

11. Блог, блогплатформа;
Блог сайттар, көбінесе еркін тақырыптағы әуесқой журналисттер, арнайы мамандар мен қарапайым қолданушылар өз мақалалаларын жариялайтын сайт түрі. Бұлар жекелеген авторлардың блогы және бірнеше блогтың қосылуынан туындайтын блогплатформалардан тұрады. Мысалы, блог:
ertai.dosym.kz
Блогплатформа: kerekinfo.kz, aitaber.kz

Бүгінде осы сайт жасаудың кең таралған 4 түрін постқа жазып өтеміз:
1. Дайын сервис арқылы — ucoz, wix.com. Жаңадан бастаушылар жақсы вариант.
— Визиттік сайттар, интернет дүкен, промо сайттар, жеке жоба сайттарын жасауға болады. Бұндай жүйелер бастапқыда тегін, жетілген мүмкіндіктері ақылы түрде кездеседі. Мүмкіндіктері стандартты дайын шаблон.
2. Дайын жүйе арқылы — wordpess, Joomla!, DLE (тәжірибелі қолданушылар).
Бұндай дайын жүйелердің көмегімен, жоғарыдағы аталған сайт түрлерінің барлығын қысқа уақытта жасай аласыз. Бірақ, бұларға ұсынылған кейбір модуль, плагиндер ақылы болып келеді. Сонымен қатар, дайын жүйенің дизайнына, атқаратын операциялық мүмкіндіктеріне өзіңіз код жазып, жетілдіруге болады. Қанша дегенмен, сайт қаңқасы универсалды мәліметті ашық басқару жүйесімен жасалғандықтан, сайт ондаған мыңнан асатын қолданушылары бар ірі жобалар үшін әлсіз болып келеді.
Модуль/плагин — сайттың қандай-да бір нақты мүмкіндігін атқаратын бөлім программа. Мысалы, тіркелуді орындайтын, суреттерді слайд ететін, пікір жазатын редактор плагиндері деп кете береді.

3. Редактор арқылы — notepad++, VisualStudio, Sturm, Eclipse, Dreamweaver, Adobe Flash Professional (аздап веб-бағдарламалау тілінен хабары барлар).
Бұл әдіс арқылы да сіз барлық сайт түрлерін жасауға мүмкіндігіңіз бар. Жақсы жағы, сіздің жобаңыз ерекше бола алады, жоғарыдағыдай дайын кодтар жобаңызда аз қолданылады, есесіне сайт жасау үшін уақытыңыз көп жоғалады.
Бұндай сайт жасау түрін, көбіне 1 пункттегі сайттардың профессионалды жасау түріне жатқызсақ, дұрыс болар.
3. Фреймвортар арқылы — yii, kohana, .Net framework, django (профессионалдар).
Бұл екінші пункттегі сайт жасаудың профессионалды түрі. Ал, жасалу барысы, 3 пункттегі ерекшеліктерге ұқсас.

CMS, Framework жүйелер ірі жобалар үшін және шағын жобалар үшін және арнайы C#, PHP, Java, C++, Phyton т.б. тілдері үшін деп бөлінеді.

Сайт жасағанда, кемінде командада 2-3 адам болғаны дұрыс. Мысалы, жобаны клиентке таныстырып, маркетингтік стратегия құрып, оның жасалу барысын басқарып, қадағалаушы, программалаушы және дизайнер. Себебі, құрылысшы өз бетімен үйді салып кете алмайды, ол архитектордың көмегіне жүгінеді, сол сияқты.

Сайт дизайнының жасалу жолы көп. Қарапайымы, ақ параққа салынып жатса, одан кейін графикалық редакторлар арқылы салынады. Бұлар веб дизайнер деп аталады. Себебі, сайттарды терезесінің стандартты өлшемдері, элементтердің рұқсат етілген көлемдері мен форматтары және сайт элементтеріне тән өзінің қасиеттерін ескеріп, оны программалауға ыңғайлы етіп түсініп жасайтын адам қажет. Дизайнды көбінесе Photoshop бағдарламасы арқылы жасап, оны веб-парақ үшін конверттеп экспорттайды. Оған верстка жасайды (кешіріңіз, верстка — әр суретті тиісті жеріне кодтау арқылы орналастыру). Кейін, параққа CSS кодталып орналасқан суреттің әрекетін скрипттеп, әрекеттерінің қандай да бір операция орындап, дерек базасымен байланыс жасауын жасаушы — ол веб-программист.

Дайын өнімді жүргізетін, ақпарат, мақала қосумен айналысып, әлеуметтік желілерге жарнамалаушы — контент менеджер.

Сайттың нәтижесін бақылап, ксайтқа кіріп жүретін қолданушы санын, қай парақ көп оқылды, қолданушылар қай жерден көп кіреді, қандай ОЖ, браузер, қандай құрылғымен көп кіреді, бұларды зерттеуші — СЕО аналитик.

Сайттың техникалық мүмкіншілігін қадағалап, серверлік бақылауын жасау, ІТ қолдау жасаушылар — жүйелік әкімдер.

Біздің бүгінгі жазған мақаламыз, қарапайым универсалды базалық қана түсінік. Ірі және ұсақ жобаларға жалпылай кішкентай шолуымыз болған. Ендігі кезек, осы мақаладан аз да болса мағлұмат алып, өзіңіздің ісіңізді алып кетуге сәттілік тілегеннен басқа айтар жоқ, амиго.

Дереккөзі: like-minded.kz/blog/web1/5.html

4 пікір

AL-ASTER
Ал, жас амиго қабыл алыңыз. :)
Yeld
Сабаққа қолдануға бола ма? Оқушыларға айтуға? Бір сабақтың дайын тұрған жоспары екен… Риза болып отырмын қайта-қайта оқып…
ereke_enu
Тағы да құтты болсын деп қояйық!) Амиго, тезірек анау-мынау дұрыстайсың ғой. Бұйырса, 24/7 сол сайттың қолданушысы болмақпын:)
SALAVAT
«Сайт жасау туралы кеңес» туралы мақалағызға көп рахмет! осындай мақалалар көптеп шығарсағыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.