Дайджест оқиғалар — episode 1



Мен бүгін Дайджест оқиғалар атты жаңа блогымды бастағалы отырмын. Бүгінгі эпизодта Internet Explorer мен Chrome арасындағы жарыс, «Яндекс.Метрика» аналитикасы, және Одноклассникадағы өзгерістер туралы айтамын. Қызықтырдам ба? Рақым етіңіз!

Internet Explorer Хромды базып озуда


Сіз таңғалып тұрсыз ба? Фантастикалық жағдай ма? Жоға, бәрі толық шындық. Net Applicationsтың жүргізген сараптамасы бойынша, қыркүйекте интернет қолданушыларынң 57,8% нарығы Microsoft-қа тиесілі болған. Ал бұл жағдай тамыз айымен салыстарғанда, әлде қайда өскен. Екінші сатыда 18,6 пайызбен Firefox орналасқан. Ал Хром болса 0,4 пайызын жоғалтып, 15,96 пайызбен үшінші орынға тұрақтаған.



Opera өзінің 1,47 пайзымен браузерлер нарығынан шықып бара жатыр, норвегиялық бағдарламаны қолданушылар арасындағы танымалдығы жағынан, Safari 5,77 пайызбен озуда.

Қолданушылар арасында Internet Explorerдің ең таралымы көп нұсқасы, 21,41% жинаған сегізінші нұсқасы болды. Одан соң 19,43 пайызбен IE10, IE9 да — 9,44%, ал IE6 4,87 пайызды құрап отыр.
Бұл қолданушылардың Windows XP операциялық жүйесінен бас тартып, замануи Операциялық жүйелерді қолдануымен байланысты болып отыр.

Internet Explorer бәсекелестерінің арасында таралымы көп Chrome 29 (12,78%), Firefox 23 (11,55%) және Safari 6.0 (3,59%) болып табылады.

Сіздерді білмеймін, бірақ мен Chrome да қала беремін. ;)

«Яндекс.Метрик» Аналитикасы ұялы телефон уеб-құрастырушыларына қолжетімді болмақ.



Жақында өткен YaC-2013 конференциясында «Яндекс.Метрика» — сараптамалық құралы, жақында ұялы телефон қосымшаларын жасаушыларға қол жетімді болады деді — «Яндекс.Метрика»ның менеджері Александ Кочубей.

Digit.ru-дың айтуы бойынша «Яндекс.Метрика» тек уеб-сайттармен жұмыс жасайды. Веб құрастырушы сайттың басты көрсеткіштерін тегін бақылап, қолданушылардың іс-әрекеттерімен, жарнама компанияларының нәтижесін сараптама жасай алады.

Біз ұялы телефон қосымшалары қолданушыларына, сараптама жасайтын қарапайым және ыңғайлы құрал жасағымыз келді
Ең алдымен бізді басқа есептегіштердің (счетчиктердің) актуалдығы қанағаттандырмады. Әрине егер қосымша әлдеқашан танымал болса, бір күн кешіккен сараптама ол үшін сын емес, ал жаңа бастаушыларға көбірек актуалды мәліметтер керек,
— деді «Яндекс.Store»ның басшысы Александр Зверев.

Оның айтуы бойынша, ұялы телефон қосымшаларын жасаушыларға сервис жылдың соңына дейдін қол жетімді болады.

«Яндекс.Метрика»ны қолдану ұялы телефон қосымшаларын жасаушыларға тегін болады. Ол үшін Яндекс сайтына өтініш қалдырса болады. Сараптама қосышасы iOS, Android және Windows Phone платформаларында жұмыс жасайтын болады

«Одноклассники» заңды сериалдарды көрсетін болды.


Мен үшін онда сериалдарды көруге болатындығы туралы ақпарат, үлкен жаңалық болды. (өзім бұл әлеуметтік желіні қолданбасам да)
Компанияның хабарлауы бойынша, «Одноклассники» әлеуметтік желісі, Pladform видео дистрибуция жүйесі көмегімен, екі жаңа заңды видеоканал ашты.

Енді қолданушыларға «Даёшь молодёжь» және «Светофор» сериалдарын көруге мүмкін туып отыр. Ал жақында «Одна за всех» сериалының видеоканалы ашылды.


Ал сіздер «Одноклассники»да қолданушылар, күніне 50 миллионнан астам видео-ролик көретінін білесіз бе? Ал енді білетін боласыз ;)

Пост асығыс, ретсіз жазылды. Қатты сөкпеңіздер...)

Келесі эпизодта кездескенше ;)

4 пікір

MSHERIMBEK
Жарайсың Рауан! Нағыз техно пост! Жалғастыра бер!
Abylai
Сіз таңғалып тұрсыз ба? Фантастикалық жағдай ма?
ыыыы :) норм
Net Applications оттамасын, осылардың сараптамасына сенсек, IE-ні әлі ешқашан, ешкім басып озбады. Мысалы мына жерде өте басқаша айтылған.

Яндекс, ия Яндекс соңғы кездері күшейіп бара жатыр.

rauan
Одноклассникаға тіпті тіркелмеппін де ;)
Yeld
Маған ОК ұнайды… басқа ССларға қарағанда ГСлар жылдам жүретін сияқты ОКда. ВК да тәуір файл алмасу жағынан…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.