Блог алғы сөзі =)

Не жазсам екен деп ойлана ойлана ақыры дым таппадым, бірақ жазбай кетуге де ыңғайсызданып, бірдеңелерді жазып жатырмын.

Сонымен php бағдарламалау тілі атты блог ашылды. бұл блогта php тіліне қатысты жазбалар жарияланатын болады.

Өзім мықты білемін деп айта алмаймын, бірақ білгеніммен міндетті түрде бөлісетін боламын.

Айтпақшы, өзімді таныстыра кетейін есімім Абылай, Маңғыстау обл. Ақтау қаласында тұрамын. жасым 20 (жиырма) да. Руым Адай, оның ішінде Жары,Жарының Жетімегімін. бойдақпын, сайт құрастырумен айналысатын компанияда жұмыс жасаймын, бірде верстальщикпін бірде дизайнермін бірде php программистпін. Қысқасы, әрқайсысынан аз аздан білемін, бірақ ешқайсысын толық білмеймін ;)

12 пікір

yerbol89
Қош келдің Абылай! Сенен көптеген тамаша қызықты да пайдалы мақала күтеміз.
MSHERIMBEK
Лично өзім асыға, асыға, асыға күтемін. Қош келдің бауырым:)
KILYZAMAN
Бөлісерің көп болғай бауырым :-)
Meirzhan
Жас болсаң да, жұмыс істеп жүр екенсің! Жарайсың! Білгеніңмен бөлісе отыр. Мен шетте темекі тарта тұрайын
MSHERIMBEK
Тоқтай тұр! Бірге барамыз:)))))
AKA
темекі тарта тұрайын
Узс, Мейіржаааааааан!
AKA
Қош келдіңіз, жазар көбейсін.
Abylai
Қайырлы таң АКА
AKA
Жоғарыдағы сайт ережесімен танысып шықсаңыз жөн болар еді. Сәттілік!
Jako
Жазба кімдікі,өзіміздің Абылайдікі ма? Қашан келіп,қайдан келіп,қашан кетіп,қайда кетіп жүр өзі? Түсінбей жатырмын…
Abylai
Қаңтардың 28де жазылған жазба ғой сонау атам заманғы. )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.