HTML5 пайдасы жоқ жаңа тегтер

Соңғы кездері HTML5 деп бәрі шулап кеткесін бұның не сиқыры бар екен деп HTML5 те бір «верстать» етіп көргенмін. Бірақ мен ойлағандай болмады. HTML5те жаңа тегтерінің көбісі кодтың түсінікті (семантический) болуына аса мән берген екен.

Тегтерді басында көргенімде ойлаушы едім, мысалы
<menu>
деген тегке салсаң автоматты түрде меню болады деп )) немесе
<header>
деген тег өзі автоматты түрде сайттың жоғарысына барып жабысып қалады деп, бірақ олай емес екен.
<header>
де
<footer>
де басқасы да сол баяғы блок типті тегтер екен,
<div>
сиықты. тек барлығы
<div>
болып кетпес үшін және іздеу роботтарының қызметін жеңілдетіп, түсінікті болуы үшін ойлап шығарған екен.

Пайдасы күмән туғызатын тегтерге тоқтала кетейін. (мен тегтерді өзім қалай түсіндім солай жазып жатырмын, қате болуы да мүмкін ))

Тег
<article>

Сайттың мазмұнын жазуға арналған тег дейті. түк пайдасы жоқ. тек іздеу роботтары сайттың мазмұны қайсы екенін түсінуі үшін ойлап тапқан тег сияқты.

Тег
<aside>

Мынаның да адам баласына тигізер пайдасы күмән туғызады. Бұл тегте сайттың оң немесе сол жағында болуы керек ақпарат салынуы керек дейді. мысалы Рубрика, Архив сияқты. бірақ ойламаңдар бұл тегтің ішіне жазссаңдар автоматты түрде сайттың оң жағына жабысып қалады деп. өздерің бәрібір CSS те позициясын жазып шығу қажет.
<div>
тен айырмашылығы жоқ (
<div>
— блок типтес тег, ал мына тег болса білмеймін қандай типтегі тег екенін, бірақ CSS те — display: block; деп жазу керек), код семантикасы үшін және роботттар үшін ойлап шығарған тег.

Тег
<figcaption>
және Тег
<figure>

Мына екі тегті түсінбедім.
<figure>
тегтергі топтастыруға арналған дейді, ал
<figcaption>
тегі
<figure>
тегінің ішенде болуы қажет, және ол тегте анықтама жазылады дейті. тіптен пайдасы жоқ. роботттар қуанып жатқан болуы керек сірә

Тег
<footer>

сайттың астыңғы бөлігін жазуға арналған дейді (ең астында тұратын бөлігі подвалын). басында ойлайтын едім бұл тег автоматты түрде сайттың астына барып жата қалатын шығар деп, бірақ олай емес, бәрібір CSSте позициясын беру керексің.
<div>
сияқты

Тег
<header>

бұл да
<footer>
сияқты тег, бірақ сайттың жоғарысындағы ақпаратты енгізуге арналған. (басы, баскиімі). іштерің сезіп тұрған шығар, бұл тег сайттың жоғарысына жабысып қалмайтынын. иә бұған да позициясын беру керек.
<div>
сияқты

Тег
<hgroup>

бұл
<figure>
сияқты тег, бірақ сайттағы тақырыптарды топтастыруға арналған дейді. пайдасы жоқ.

Тег
<mark>

түк те пайдасы жоқ,
<span>
тегінен айырмашылығы жоқ. мәтінді белгіленген сияқты етіп белгілеп қоюға арналған тег дейді. бірақ ойламаңдар бұл тегпен қоршасаңыздар мәтін белгілетіп тұрған сияқты болып тұрады екен деп, стильін өзің қолмен жазуың керек CSSте.

Тег
<menu>

меню тізімін шығаруға арналған тег.
<ul>
мен
<ol>
ден айырмашылығы жоқ. тек бодттарға меню екендігін түсіндіруге арналған

Тег
<nav>

Сілтемелерді топтастыруға арналған дейді.
<figure>
мен
<hgroup>
сияқты.

Тег
<section>

түсінбедім бұл тегті, басы ортасы аяғы бар блокты белгілеуге арналған дейді
<body>
сияқты, бірақ
<body>
дің ішінде тұруы керек.
<div>
пен де жасауға болады.

Тег
<time>

Уақыт жазылған мәтінді белгілеп қоюға арналған дейді.
<span>
сияқты. бұл тегкке салсаң дым өзгермейді. стильін қолмен жазасың. іздеу роботттарға қайсысы уақыты екенін қайсысы мәтін екенін білдіру үшін ойлап шығарған ау шамасы.


Бұл тегтер HTML5те пайда болған тегтердің 80 пайызы. ((( бірақ есесіне CSS3 ке әнгіме жоқ )) біраз жаңа стильдер қосылыпты.

осымен аяқталды. яғни бұл жазбада пайдасы жоқ тегтерді жаздым ))) пайдалы ақпарат па? ))
ендігі жазбаларда пайдалы тегтер мен түсініксіз тегтер жайында жазатын боламын.
айтпақшы бұл блогта HTML және CSS ке қатысты жазбалар жазатын боламын.
жазғандарым түсініксіз болса айып етпеңіздер. Бұрын блог жазып көрмедім.

HTML дегеніміз не екенін білмейтіндерге қысқаша түсініктеме:
HTML — ол қалай айтсам екен, бағдарламалау тілі емес, ол тек жәй ғана логикалық белгілеу тілі, қысқасы ол ақпаратты рет ретіне келтіріп, белгілеп қоюға арналған тіл. Ең оңай тілдердің бірі. Сонымен қатар Интернет негізгі технологиясы осы HTML

8 пікір

Abylai
<code>
деген тегке салып едім тегтерді не болып кеткен?
Korkem
мынаны мен тіпті түсінбейді екем, сонша ұзааақ
Abylai
((( 2 сағат отырып жаздым ғо
Korkem
Міне саған +2 пайдалысын жаза бер жаза берш
MSHERIMBEK
Пайдалы, пайдалы! Осылай 0-ден бастасаң:) Рахмет Әбеке:)
Abylai
)) жәймен жәймен блог жазуды да үйренермін ) әзірше түсініксіздеу жазып жатқан шығармын.

жазбада тегтер көрінуі үшін не істеуім керек?
<code>
қа салғандағы түрі ұнамады
MSHERIMBEK
тегтерді
<сode> мұнда </сode>
тың ішіне жаз
yerbol89
Өте тамаша ақпарат Абылай! Респект ерінбей осындай тамаша ақпаратпен бөліскенің үшін. Ия мен де білемін тек html5 емес оны4 алдыңғыларында да орынсыз, қолданысқа енбейтін тегтер көп екенін. Пытыратып шығарып жатыр, уақыт көрсетер не боларын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.