PIE (Прогрессивті Internet Explorer) қосымшасы Internet Explorer қолданушыларына XXI ғасырды алып келеді

Internet Explorer 6 Браузері 2001 жылдың 27 тамызында шықыса да әлі күнге дейін оны қимай жүрген қолданушылар көп ақ. Қимаса да амал жоқтықтан қолданып жүргендері қаншама. Себебі ол браузер бірнеше жылдар бойы Windows XP амалдар жүйесімен бірге еніп, стандартты браузер ретінде қолданылды. және көптеген қолданушылар тіпті браузердің не екендігін білмей, тек сол Internet Explorer мен ғана интернетке кіруге болады деп ойлайды. сондықтан да болар әлемдік браузерлер нарығында Internet Explorer 6 бақандай 7.7 % ды құрайды (29.01.2022). (http://www.ie6countdown.com)

Ең көп қолданатын Қытай(25.2%), ал ең азы Норвегия (0.2%); Ресейлік интернет қолданушыларының 2.1% осы браузермен кіреді екен, ал Қазақстан бойынша мәлімет жоқ (

Сондықтан сайтты беттеген (верстка) кезде амал жоқ біз Internet Explorer 6 ның ақымақтығын ескере отырып CSS3 тің барлық мүмкіндіктерінен және тіпті CSS2 нің де көптеген мүмкіндіктерінен бас таруымызға тура келеді.
Бүгінгі күнге дейін блоктың шеттерін дөңгелетуге, немесе фонға градиент түс бергенде суретті қиып, фонға не бұрыштарына қойып әлек болатынмын. Бірақ веб технологиялары дами келе, жаңа стандарттар жазыла келе, бұлардың бәрін CSS-те стильдік тұрғыда сипаттауға мүмкіндік берді. Бірақ бір күмілжітетіні, ескі браузерлер, әсіресе Internet Explorer браузерлері бұл стандарттарды қолдамауында.
Internet Explorer қолдамайды екен деп CSS3тің мүмкіндігінен бірден бас тартуға болмас, жаңа стандарттарды ескі браузерде қолдау үшін арнайы қосымшалар, скрипттер жетіп артылады, менімше солардың ішіндегі ең оптималдысы PIE (Прогрессивті Internet Explorer) қосымшасын. Бұл арнайы жазылған ережелер жиынтығы Internet Explorer браузеріне javascript көмегімен белгілі бір қасиеттер мен мәндердің анықтамасын түсіндіріп, олардың қалай орналасып, көрінуін сипаттап беретін қосымша.

PIE (Прогрессивті Internet Explorer) қосымшасы CSS3 тің негізгі маңызды деген функцияларын Internet Explorer 6, 7, 8 де көрсетілуіне мүмкіндік береді. Салмағы не бары 41 килобайт. суреттерді қиып орналастырсаңыз одан да көп орын кетер еді.

PIE қосымшасын қосу арқылы, мына тізімдегі CSS3-тің мүмкіндіктерін еркін қолдана аласыз.
border-radius
box-shadow
border-image
CSS3 Backgrounds (-pie-background)
Gradients
RGBA Color Values
PIE Custom Properties
-pie-watch-ancestors
PNG alpha transparency and -pie-png-fix
Lazy Initialization (-pie-lazy-init)
Layout polling (-pie-poll)


Қолдану және сайтқа қосу.

Сайтқа қосу оп оңай. Сайтыңыздың CSS файлын ашыңыз да қорқпай CSS3тің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. мысалы
#id { //  id, немесе class немесе  тег
    background: #EEE;
    -moz-border-radius: 1em; //мозилла үшін
    -webkit-border-radius: 1em; //хром үшін
    border-radius: 10px; // блоктың бұрышының радиюс 
}


барлығын жазып болғасын PIE ны былай қосамыз

#id { // жаңағы id, немесе class немесе  тег
    ...
    behavior: url(PIE.htc); // мына жерде PIE қосымшасына жол көрсетеміз
}


Бар болғаны осы! )) Түк қиындығы да жоқ))

PIE қосымшасының соңғы нұсқасын және толық анықтамасын (ағылшынша) мына сайттан жүктеп ала аласыз css3pie.com/

1 пікір

yerbol89
Өте пайдалы ақпарат Абылай. Енді сайтқа верстка жасаған кезде қолдануға болады екен. :) айтқандай Норвегияда қолданылмайтын себебі ол елдің барлығы Операны қолданады. Себебі Опера сол норвегиялықтардікі. Өздерінде өте күчті сұранысқа ие.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.